Журналистикада өз қолтаңбаңыз бар

Журналистикада өз қолтаңбаңыз бар

Құрметті 

Сәуле Мешітбайқызы! 

Сіздің ел игілігіне арналған көп жылғы еңбегіңіз, азаматтық ұстанымыңыз бен қоғам алдындағы жауапкершілігіңіз қашанда жоғары бағалауға лайық. Ұстаздық қызметтен бастап, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, журналистиканы дамытуға және әлеуметтік мәселелерді көтеруге дейінгі еңбек жолыңыз – елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Сіз Қазақстанның барлық өңірін аралап, шалғай аудандар мен ауылдарға дейін барып, халықпен етене араласып, елдің тыныс-тіршілігімен жақын танысып келесіз. Жұрттың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешімін табуына ықпал етуіңіз – халыққа деген жанашырлығыңыздың және азаматтық белсенділігіңіздің айқын көрінісі.

Сіз бала тәрбиесі мен жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да айрықша көңіл бөліп келесіз. Көп жылдан бері жарық көріп келе жатқан республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы – өскелең ұрпақтың танымын кеңейтіп, рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды басылым. Журналдың айналасына жас қаламгерлер мен журналистерді топтастырып, талай буынның кәсіби тұрғыда шыңдалуына ықпал еткен еңбегіңіз ерекше атап өтуге тұрарлық. «Мөлдір бұлақ» талай жас талант үшін журналистикаға жол ашқан үлкен мектепке айналды. Бүгінде «Qazaqstan dauiri» газетінің және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына атсалысып, қазақ журналистикасындағы өзіндік ерекше қолтаңбаңызды қалыптастырдыңыз. Медиа саласындағы мол тәжірибеңіз, ізденісіңіз бен табандылығыңыз сізді кәсіби ортада абыройлы орны бар тұлға ретінде танытты. Қоғамдық маңызы бар тақырыптарды батыл көтеріп, халықтың көкейіндегі мәселелерді көпшілікке жеткізуге бағытталған қызметіңіз отандық журналистиканың дамуына қосылған елеулі үлес болып қала береді. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен еңбегіңіз кейінгі буынға өнеге. Білім мен тәрбиеге, мемлекеттік тілге, ұлттық құндылықтарға және қоғамның өзекті мәселелеріне деген жанашырлығыңыз көптеген игі бастаманың жүзеге асуына жол ашты.

Осы мерейлі жасыңызда сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, жақындарыңыздың ортасында қуанышқа бөленіп, елдің құрметі мен халықтың ықыласына ие бола беріңіз. Қаламыңыз мұқалмай, атқарып жүрген игі істеріңіз жалғасын таба берсін!

Құрметпен, 

Нұржан НҰРЖІГІТОВ,

Су ресурстары және 

ирригация министрі 

 

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27921
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27412
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44773
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40461
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45095