202 МВт болатын фирмалар анықталды

202 МВт болатын фирмалар анықталды

   ҚР Энергетика министрлігі: «Жақында ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді. Соңғы 5 күнде мобильді топтар жүргізілген тексерулер нәтижесінде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықталып, олардың жұмысы тоқтатылды»,— деп хабарлайды.  Ведомство мәліметінше, цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру фактілері мыналар: Қарағанды облысында жалпы қуаты — 31,3 МВт, Павлодар облысында — 22 МВт, Түркістан облысында — 3,28 МВт, Ақмола облысында —1,03 МВт, Қостанай облысында — 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында — 1,8 МВт, Алматы қаласында — 3,5 МВт, Шымкент қаласында — 4 МВт. Сондай-ақ цифрлық майнингке шектеу енгізілген Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты — 91 МВт, Қарағанды облысында 44 МВт майнинг-ферма анықталды. «Мобильді топтың майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату жұмысы жалғасады. Сондай-ақ анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде», — делінген таратылған ақпаратта.

Ермек САХАРИЕВ
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5457
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5610
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20581
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19209
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22673