2021 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй нарығында қандай өзгерістер болды?

2021 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй нарығында қандай өзгерістер болды?

Пандемия, дағдарыс, тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы қаражатын алу мүмкіндігі, құрылыс материалдары мен қызметтерге бағаның күрт өсуі. Бір ғана 2021 жыл ішінде қазақстандық тұрғын үй нарығы соңғы бес жылда болмаған өзгерістерге тап болды. Нәтижесінде жылжымайтын мүлік иелері мен сатып алушылар жыл соңында олжалы болды ма?

 Саланы зерделеу үшін біз еліміздегі ең құбылмалы нарықтар – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тоқталдық. Айта кетейік, жоғарыда аталған факторлар өңірлерде де орын алған, бірақ біршама төмен деңгейде.

 Пандемия және тұрғын үй нарығы

Knight Frank халықаралық консалтинг компаниясының мәліметтері бойынша 2021 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша 55 елде тұрғын үй бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 9,2%-ға өскен. Мұның бәрі жалпы дағдарыс пен сатып алу қабілетінің төмендеуі аясында орын алған. Сонымен қатар, сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсіп жатыр. Savills 2021 жылдың бірінші жартысындағы көрсеткіштерді келтіреді: тұрғын үй сатылымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлемдегі ірі қалалардың 80%-ында өсті.

Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да байқалады. 2021 жылдың 4 айында жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелер саны бағаның өсуіне қарамастан, 2019 жылғы көрсеткіштен екі есеге асып түсті. Өз кезегінде девелоперлер тұрғын үй бағасының өсуін құрылыс материалдары құнының өсуімен және инертті материалдардың жетіспеушілігімен байланыстырады.

«Құрылыс материалдары нарығында болып жатқан процестерді елемеуге болмайды, өйткені біз оған тікелей тәуелдіміз. Бүгінгі таңда бетонның жетіспеушілігі байқалады, бұл осы материалға жоғары сұранысты тудырады, демек, бағаның өсуі қалыпты жағдай. Тағы бір мысал келтірейін: бір апта бұрын арматураның тоннасы 330-340 000 теңге болатын, бүгінде оның бағасы 370 000 теңгеге жетті және бұл өте маңызды айырмашылық», - дейді «Sensata» құрылыс компаниясының маркетинг бөлімінің басшысы Сергей Узденов».

Бірақ, түрлі мәліметтер бойынша тұрғын үйді жалға алу саласына пандемия теріс әсер еткен немесе айтарлықтай әсер етпеді. Егер 2020 жылы және 2021 жылдың бірінші жартысында мұнда бәсеңдеу байқалып, бағалар шамамен 2019 жылдың деңгейінде қалса, 2021 жылдың екінші жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматының жалға беру нарығында баға күрт өсті.

Биыл тамызда осы қалалардағы жалға берілетін пәтерлердің бағасы 30%-ға, ал шаһарлардың ең өтімді аймақтарында – екі есе өсті. Мысалы, танымал жоғары оқу орындарының жанында және елорда мен Алматының орталық аудандарында бір бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы 130 мың теңгеден басталады. Бағаның шегі тек үй иесінің қиялымен шектелуі мүмкін.

 Сарапшылар бағалардың күрт өсуі студенттер мен ірі компаниялар қызметкерлерінің көптен күткен оффлайн форматқа ауысымен түсіндіреді. Бұдан бөлек, жаңа үйлердегі пәтерлердің қымбаттауына құрылыс материалдар мен жөндеу жұмыстарының қымбаттауы әсер еткен.

 Жөндеу жұмыстарының қымбаттауы

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша осы жылдың қаңтар-мамырында бастапқы тұрғын үй бағасының өсуі 8%-ды құрады (қайталама тұрғын үйге 13%-ға өскен). Ал отандық құрылыс материалдары қаңтар-сәуірде 16%-ға қымбаттады. Ал негізінен шетелден тасымалданатын арматура осы кезеңде екі есеге жуық, бірден 45%-ға қымбаттаған.

 Қазақстандықтардың өзі құрылыс материалдарына баға «күн емес, сағат сайын» өсіп жатқанын айтуда. Жөндеу жұмыстарының мамандары да өз қызметтеріне бағаны көтерген. Карантин шаралары салдарынан бұл нарық та айтарлықтай қысқарып қалған, есесіне көрші елдерден келетін мамандар нарықтан кетті.

 Зейнетақыны баспана алуға жұмсау

Дегенмен, жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлігуді өршіткен басты оқиға ретінде  осы жылы Қазақстан Президентінің зейнетақы жинақтарын баспана алуға пайдалану жөніндегі бастамасын атауға болады.  Мұны статистика да дәлелдейді: сатып алу-сату мәмілелері санының өсуі 2021 жылдың ақпан-мамырында байқалған.

Ресми деректер бойынша, бүгінде қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 1,92 трлн теңге алған. Оның ішінде 1,36 трлн теңге (70,62%-ы) – тұрғын үй сатып алуға, 246,1 млрд теңге (12,81%-ы) – ипотека бойынша бастапқы жарнаны салу, ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық және ішінара өтеуге және оны қайта қаржыландыруға, 262,1 млрд теңге (13,64%-ы) – тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға жұмсалған.

Келер жылдан бастап зейнетақы қоры бойынша баспана сатып алу мүмкіндіктері кеңейтіледі деп күтілуде. Бұл жайт жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829