2023 қазақтың рухқа толы жылы болсын!

2023 қазақтың рухқа толы жылы болсын!

Біздің қазақ қашанда шүкіршілігі мол халықпыз ғой. Мінеки, Сыр өңіріндегі оқырманымыздың ақжолтай тілегін бүгінгі нөміріміздің басты ұраны етіп алдық. Өткен жылға өкпеміз жоқ. Жаңа жылдан жақсылықтар күтеміз. Иә, өткен жыл, өздеріңіз білесіздер, Қаңтар қасіретімен басталды. Көтерілістің жалыны еліміздің барлық жерін шарпыды десек, артық айтқандық емес. Қан төгілді, жан қиылды. Қазағымның қаны, қазағымның жаны. Әсіресе революция бесігі атанған Алматы қаласы әдеттегідей зор зардап шекті. Алаңға атойлап 50 мың ереуілші шықты. «Мұның да артында қайыры бар» дегендей, билік оянды.

Қадау-қадау өзгерістер басталды. Аттарын айтуға қорқатын Мәсімов, Сатыбалдылар түрмеден бір-ақ шықты. Президентіміз Тоқаев толық билікке ие болды. НӘН-нің сыбайластары, бала-шағасы шетелдерге зытып берді. Үміт оянды, сенім пайда болды. Бірақ ереуілге шыққандарды зұлым полицейлер азаптап, фашистік гестаподан да асып кетті. Азап шеккен де, азап шектірген де қазақ...

Жә, айта берсек әңгіме көп. Қадірлі оқырманым, ол қанды оқиғалар барысын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Алаңдайтынымыз, түбірлі өзгерістер әлі басталған жоқ. НӘН бір мешіт салдырдым деп (ол қаржы ұрланған халықтың ақшасы ғой) талтаңдап әлі де адамдарға ақыл айтып жүр. Жоқшылық қысып тұр, кедейшілік қазақтың еншісіндей кетер емес. Тіліміз босағадан мөлиіп қарайды. Қысқасы, әлі де шешілмеген түйіндер, көкейтесті мәселелер шаш етектен. Жүйе бәз-баяғы қалпында. «Жаңа Қазақстан» және «Әділетті Қазақстан» деген әзірге елес қана. Енді мынау келіп жатқан 2023 қандай сыбағасымен жетті? Халық іштен тынады. Билік әлдененің аңысын аңдығандай.

Біздің газетіміз, мінеки, биылғы жылдың алғашқы нөмірін сіздерге ұсынып отыр. Бұрынғыдай 20 мыңға қол созған қалың оқырман жоқ. Оқырман қатары сиреген. Осыған да шүкір, бізге сенім артқан оқырманымызға алғысымыз шексіз. Алайда қолдан келгенше Ақиқаттың арбасын сүйреп, Шындықты шашу етіп шашсақ деген алға қойған айқын мақсатымыз бар. «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы биыл да сіздермен Құдай қаласа жүздеспек. «Қамшыбасарымыз» биыл да ашық алаңын от ауызды, орақ тілді авторларымызға беруге дайын. «Халық және Президент» айдарымыз аясында батыл, өткір пікірлерімен ел басшысымен тікелей байланысқа шығады. «Саясат» ішкі, сыртқы жағдайларды бүге-шігесімен сіздердің назарларыңызға ұсынады. Міне, бүгін де «Газет және оқырман» айдарын ашып, сіздерді мінберге шақырамыз. Елім, халқым деп еміренген қоғам қайраткерлері туралы да жариялап отырамыз. «Жанайқай» да күшінде. Қиналсаңыз, басыңызға іс түссе, хабарласыңыз...

Қадірлі оқырманымыз, ең бастысы байланысымызды үзбейік. Сергек, ояу болайықшы. Тек кемшілік емес, ақжолтай хабарлар, жаңалықтар болса, бізбен бөлісіңіздер. Алдағы уақыт еншісінде қатарымызды көбейтуге көмектесіңіздер. Газетімізге жазылмаса, насихат жүргізіңіздер. Біз қашанда сіздермен байланысымызды үзбейміз. Газетіміз әрқашанда жұма күні есігіңізді қағып тұрады. Әлбетте, достық пейілмен! Сіздерге 2023 ресми жылда зор табыс тілейміз. Отбасыңызда амандық-есендік, ынтымақ-бірлік болсын, береке, бақыт келсін! Халқымыз аман болсын! 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424