2023 жылы орын алатын қаржылық өзгерістер

2023 жылы орын алатын қаржылық өзгерістер

 

Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылға үміт көп. Өткеннің жаңалығын жарыса жазғанмен, ештеңе өзгермесі анық.  Жаңа жыл  қазақстандықтарға бірқатар жаңа қаржылық жаңалықтарымен келді.

 

Ең төменгі жалақы мөлшері өзгерді

2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Қ.Тоқаев «Республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Ол Заңда:
Ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;
Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңгені құрайтындығы жазылған.

Жалақылары өседі

Өрт сөндірушілер, нақтырақ айтқанда осы салада қызмет істегендердің жалақылары 10 пайыздан 70 пайызға дейін өседі. Мәселен, қатардағы құрамның айлығы 70 пайызға, ал басқарушы құрам – өрт сөндіру қызметі мен бөлім басшылардың еңбекақысы 10 пайызға артады. Сонымен қатар, бес жылдан 10 жылға дейін,  15 жыл және одан да көп жұмыс істегендердің жалақылары артатындығын төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Педагогтердің жалақысы 25 пайызға көбейеді. Атап айтсақ, балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж педагогтары, қосымша білім беру жүйесінің мамандары.

Дәрігерлердің жалақысын 2023 жылы 550 мың теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған.

70 мың теңгеге дейінгі жалдамалы жұмыскерлердің жалақылары ұлғайады. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осыған орай әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің табыстары артатындығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлаған болатын.

 

Мобильді аударымдар тексеріле бастайды

Биылғы жылдан бастап банк салық органдарына лауазымды тұлғалар туралы ақпарат береді. Деректерді беру 2023 жылы тек мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайы, квазимемлекеттік ұйым қызметкерлеріне ғана қатысты.  2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары, 2025 жылдан бастап басқа санаттағы клиенттер қосылатындығын айтты, қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.

Айыппұл мөлшері өседі

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгені құрайды. Елімізде айыппұлдар АЕК мөлшерімен есептелетіндіктен, олардың сомасы да артады. Ең көп таралған заң бұзушылықтарды атап өтсек:

Тіркеусіз және жеке куәліксіз жүру: 7 АЕК-ден 13 АЕК дейін;

Тыныштықты бұзу:  5 АЕК мен 150 АЕК;

Қоғамдық орындарда ішімдік ішу: 5 АЕК мен 10 АЕК;

Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі: 3 АЕК 100 АЕК;

Ортақ пайдаланатын орындарды ластау: 5 АЕК 10 АЕК;

Тыйым салынған орындарда темекі шегу: 15 АЕК 50 АЕК;

Автобуста жолақы төлемеу: 2 АЕК 5 АЕК;

Жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуі: 2 АЕК мен 10 АЕК дейін айыппұл салынады.

 

Балжан АЛЖАНОВА
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634