Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков: «Егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай 27 млн 192 мың адамға жетеді. Департамент таңдалған базалық жылға, туу деңгейіне, өлім-жітімге және көші-қонға байланысты әр өңір бойынша 27 негізгі сценарийді болжады. Сондай-ақ, халық санын осы негізгі көрсеткіштер шеңберінен тыс модельдеуге мүмкіндік беретін механизм жасалды. Мысалы, туу көрсеткішін жоғарылату немесе өлімді белгілі бір пайызға төмендету», – деп мәлімдеді.