250 млн тонна мұнай қоры табылды

250 млн тонна мұнай   қоры табылды

Қызылорда облысының аумағынан қосымша 250 миллион тонна мұнай қорының табылғаны белгілі болды. Бұл туралы «Қызылорда облысы үшін ерекше жаңалық деп айтуға болады. Отандық «Соутс-Ойл» мұнай компаниясы қосымша 250 млн тоннаға жуық мұнай қорының табылғанын жариялады», – деп жазды әлеуметтік желіде осыған байланысты Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Осы ретте сенатор облыста 2012 жылы 12 млн тонна мұнай өндірілсе, өткен 2021 жылы оның деңгейі 4, 6 млн тонна ғана болғанын атап көрсетеді. Ал жаңадан табылып жатқан кен орны мұндағы жұмысты қайта жандандыратын болады.

Осы мәселе жөнінде Елордада «Саутс-Ойл» компаниясының бастамасымен дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, Энергетика министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Атамекен» ҰКП, «Кaznergy» мұнай-газ және энергетика секторы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, РТ-БашНИПИнефть, «Қазгеология» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Қазақстан мұнай-газ секторының басқа да кәсіпорындары өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша алынуы қиын қорлардың есебінен Қазақстанның ресурстық базасын өсіруге және инвесторлар үшін шығарылуы қиын қорларды әзірлеудің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін тиісті заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдерімен қажетті құжаттарға қол қою туралы шешім қабылданды.

 

Анархан МАРДАНОВА, Қызылорда облысы
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5375
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5532
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20500
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19131
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22592