255 адам мемлекеттік тілді тегін оқып жатыр

255 адам мемлекеттік тілді тегін оқып жатыр

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығында стандартқа сәйкес 5 деңгей бойынша үш тілді тегін меңгеруге болады. Орталықта білім алушылардың ең жасы 18-де, ал үлкені 77 жаста. – Жыл басынан бері мекемелер мен жеке азаматтардың сұранысы бойынша 33 топ ашылды. Атап айтсақ, «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына 18 топ, «Ағылшын тілін оқыту» курсына 13 топ, «Орыс тілін оқыту» курсына 2 топ ашылды. Қазір осы топтарға бөлінген 300-ден аса ересек тегін білім алып жатыр. Алдағы уақытқа тұрғындардың өтінішіне сәйкес, «Мемлекеттік тілді оқыту» және «Ағылшын тілін оқыту» курстарына жаңа топтар ашылады, – деді орталық басшысының міндетін атқарушы Лаура Газизова. Былтыр курсты 900 адам оқып шыққан болатын. Оның ішінде «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына – 375, «Ағылшын тілін оқыту» курсына – 300, «Орыс тілін оқыту» курсына 30 және біліктілікті арттыру семинарына 195 азамат қатысты. Биыл 950 адамды оқыту жоспарланып отыр. Оның ішінде «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына – 375, «Ағылшын тілін оқыту» курсына – 315, «Орыс тілін оқыту» курсына 30 және біліктілік арттыру семинарына 215 азамат қамтылады деп күтілуде. 

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 567
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 454

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28810
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41691
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46389