3 АЭС салу жоспарланған

3 АЭС салу жоспарланған

Алматыдағы Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанда АЭС салу үшін бәрі бар – Алмаз Саухимов

Бұл мәселеге Президент Қ.Тоқаев та тоқталып: «Еліміздің энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шұғыл шешуіміз керек. Мен бір нәрсені түсінбеймін. Неге кейбір жауапты тұлғалар атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтан дипломатиялық түрде қашады? Оны ашық айтуымыз керек. Кәсіби тұрғыда атом энергетикасының пайдасын түсіндірген жөн. Өйткені таза атом энергиясы болмаса, бүкіл экономикамызды жоғалтамыз», – деген-ді. Қазір құрылысына 11 млрд АҚШ доллары кететін «АЭС-ты қай мемлекет салады?» деген сауалдың басы ашық. Бұл арнайы байқау негізінде анықталса, 2023 жылы құрылысы басталып, 2035 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Мамандардың айтуынша, екі блоктан тұратын жоғары қуатты АЭС-те 2000 адам жұмыс істеп, ғылыми-техникалық тұрғыдан жоғары білікті кадр әлеуетінің артуына ықпал етеді. Сондай-ақ, мемлекет қоржынына түсетін салық түсімдері 2,5-3 млрд АҚШ долларынан асады деп болжанған. Аталған мәселеге қатысты пікір білдірген мамандар болжамы төмендегідей.

Алмас Саухимов, АЭжБУ ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры: «Бізде көмір, атом, жаңартылған энергия көздері, газ бар. Ең тиімдісі – АЭС. Оны салу үшін бізде бәрі бар. Уран қоры бойынша әлемде екінші орынды аламыз. Сондықтан Үлкен ауылынан бөлек, болашақта екінші АЭС-ті Курчатовта, үшіншісін Маңғыстау облысында салу жоспарланған. Біз оқу орнында кадрлар дайындау үшін 2019 жылы оқу бағдарламасын жасадық. Қазір бізде 4 институт бар. Бүкіл салада ғылыми жобалармен жұмыс істейміз. Ендігі мәселе – инженерлік кадрлар тобын жасақтап, біліктілігін арттыру керек. Осы тұрғыда арнайы жүйе қалыптасуы керек», – дейді.

Азамат Ысқақов, Ядролық физика институы нейтронды физика зертханасының аға ғылыми қызметкері: «Ядролық физика институтында елдегі жалғыз реактор жұмыс істеп тұр. Онда 70-тен астам жоғары білікті маман еңбек етуде. Дәл сол мамандар болашақта салынатын АЭС-те жұмыс істеуге дайын. Себебі тәжірибе бар. Қазір жоғары оқу орнын бітірген мамандардың 30 пайызы ғана сала бойынша жұмыс істейді. Өкінішке қарай, мемлекетте толық база жоқ. Институт саны аз. Ядролық физика институтында 500 маман жұмыс істесе, Курчатовта 400-дей. Екі институтта бар-жоғы мың адам. Бұл салаға деген сұраныс енді артады. Сондықтан АЭС таза электр көзін өндіріп қана қоймай, ғылыми-тәжірибелік базаны көтереді. Тіпті, технократтық дәуірге осы жоба арқылы енеміз», – дейді.

Ал Асуан Сиябеков, «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері: «Президент Қазақстандағы АЭС салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазір біздің мекеме сол бағытта жұмыс істеп жатыр. 2018 жылы техникалық-экономикалық негіздеменің маркетингтік бөлімін әзірледік. Онда АЭС қуаты, орналасу аумағы жазылды. Біз жазда Түркиядағы Аккуя АЭС-не бардық. 4 энергоблогы бар атом станциясының бірінші энергоблогы келесі жылдан бастап іске қосылады. 1200 мбт энергиямен бүкіл Түркияны қамтамасыз етпек. Бұған дейін жергілікті халық та қарсы болды. Қазір көзқарасы өзгерген. Тұрғындар жұмыспен, инфрақұрылымдық нысандармен қамтылды. Бізде жұрт әлі АЭС салудан қорқады. Әрине, Фукусимадағы, Чернобыльдағы апат үрей ұшырды. Семей полигонының зардабын тартқандар көп. Сондықтан халықты да түсінуге болады. Алайда оның бәрі жағатын отынға, яғни уранның үлесіне байланысты. Егер Семей полигонындағыдай қолданатын атом жарылысында 90 пайыз болса, АЭС-те бұл көрсеткіш 4,5 пайызға тең. Яғни ешқандай жарылыс қаупі болмайды деген сөз. Оның үстіне біз қарастырып жатқан 3+ буындағы реакторлар. Бұл Фукусимадан кейін шыққан. Бұлар балқып кетпейді, радиоактивті қалдықтар сыртқа шығып кету қаупі жоқ, сумен жанаспайды. Сол себептен қорқудың қажеті жоқ», – дейді сеніммен.

P.S. Әзірге АЭС-ті қай мемлекет салатыны белгісіз. Бірақ мамандар қай жағынан да Ресей ыңғайлы дегенді айтады. Себебі «Росатом» өз елінен бөлек, шетелде де 21 реактор жобасын салуды өз мойнына алған. Содан ба екен, Қазақстаннан да қыруар қаржы сұраған көрінеді. 

Ермек Сахариев
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 136
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 321
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 944

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9017
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8413
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11640
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9396
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10623