30 мектепке 1 млн теңгелік грант берілді

30 мектепке 1 млн теңгелік грант берілді

Елордада «Barine bilim» шағын гранттар жобасының аралық нәтижелері таныстырылды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қоғамдық маңызды бастамаларды қолдау қоры қолға алған «Barine bilim» жобасының аясында 10 өңірдегі  30 мектепке 1 млн теңгелік гранттар бөлініп отыр. Грантқа ие болған мектептердің қалай іріктелгенін түсіндірген «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдау қоры» АҚ төрағасы Ермек Мәжитов: «Соңғы 3 жылда елімізде «Әлемнің үздік ұстазы» жаһандық сыйлығына қазақстандық мұғалімдерді іріктеу үшін «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы ұйымдастырылып келеді. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика мұғалімі Асхат Жұмабеков «Global teacher Prize» сыйлығы тізімінде жаһандағы үздік 50 мұғалімнің қатарына кірді. Жаһандық сыйлыққа жүздеген ұстаздың арасынан 10 үміткер ғана өтеді. Бұл 1 млн теңгеге әр мектеп өзіне қажет оқу құралдары мен көрнекіліктерді, кеңсе техникасы мен зертхана жабдықтарын сатып алуы керек. 10 мұғалімнің ішінде «Әлем ұстазы» жаһандық сыйлығына үміткер 2 мұғалім бар. Грант мұғалімнің атына берілгенімен, алынған бұйым мектеп баласына алынуы керек. «Barine bilim» жобасына үміткер ретінде тіркелген 150-ден астам өтінімнің ішінен Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ұстаздары таңдап алынды. Мектептердің кейбірі бұл ақшаға кітапхана қорын толықтырып жатыр», – деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілі Баян Әбенова.

18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5764
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5908
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20885
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19510
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22975