30-шы жылдардағы ашаршылық туралы кітап

30-шы жылдардағы ашаршылық туралы кітап

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары «Орталық Қазақстан- дағы ашаршылық 1931–1933: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» атты кітабын таныстырды. Басылымда бұрын жарияланбаған мұрағат материалдары мен ашаршылық куә- герлерінің естеліктері жинақталған.

Кітап тарихшылар мен филологтар бір жыл- дан астам уақыт жұмыс істеген ғылыми жобаның нәтижесі болды.

– Жобаның мақсаты мұрағаттық құжаттарды, сондай-ақ сол қайғылы кезеңдер туралы әңгімелер сақталған отбасы- лардың естеліктері мен сұхбаттарын жинау бол- ды, – дейді басылымды құрастырушылардың бірі филология ғылымдарының кандидаты Лариса Харитонова. – Жиналған материалдар Қараған- ды облысындағы сталиндік ұжымдастыру сал- дарының толық көрінісін ұсынады. Мұндай үлкен зерттеу алғаш рет аймақтық бөлімде жүргізілді. Тарихшылардың қажырлы еңбегінің арқасында 90-нан астам мұрағаттық құжаттар табылды. Олардың 80%-дан астамы бұрын жарияланбаған.

Өз кезегінде филологтар далалық іздеумен айналысты. Бұл міндет оңай болған жоқ. Оқиға- лардың тікелей куәгерлері дүниеден озған. Бірақ ғалымдар олардың балаларымен және немере- лерімен сөйлесе алды. Жинаққа ашаршылықты бастан кешкен 100 отбасының тарихы кірді.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде 100 дана таралыммен шықты. Басылым ғалымдарға және Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан- дарға арналған. Республика кітапханаларына тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ жинақты ҚарУ баспасынан сатып алуға болады.

07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5327
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5484
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20452
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19083
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22545