"30/70" тұрғын үй несиесі: Қалай 90 млн теңгеге дейінгі сомада ипотека алуға болады?

"30/70" тұрғын үй несиесі: Қалай 90 млн теңгеге дейінгі сомада ипотека алуға болады?

Әзірге бағдарлама бойынша тек 6 құрылыс компаниясының үйлерінен пәтер алуға болады. Бұл материалда "30/70" ипотекалық бағдарламасы туралы  ақпаратқа сүйене отырып түсіндіреміз.  Ипотека шарттары:

Бастапқы жарна – 30%;

  • Пайыздық мөлшерлемесі – алғашқы үш жылда 7-10%, кейін 3,5% болады;
  • Пәтерді тек бастапқы нарықтан немесе салынып жатқан тұрғын үйден үлесті қатысу арқылы алуға болады;
  • Несие сомасы – 90 миллион теңгеге дейін;
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Егер үй әлі салынып жатқан болса, қосымша кепіл ретінде басқа пәтерді қою қажет. Оның құны ипотека сомасының кемінде 70 пайызын жабуға тиіс және салынған мерзімі кірпіш үй болса – 60 жылдан, панельдік үй болса, 50 жылдан аспауы керек. Ол қарыз алушының немесе кепілгердің атында болуы мүмкін. Үй дайын болғанда, сатып алып жатқан пәтерді кепілге қоюға болады.

Егер  қарыз алушыда депозит болмаса, ол 3 жыл бойы тұрғын үйдің барлық құнына аралық несие (7-10%) төлейді. Салымдағы жинақ пәтер құнының 50 пайызына жеткенде, мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендейді.

Мысал: 30 миллион теңге тұратын пәтерді 11 жылда сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде 9 млн теңге төлеу қажет. Сонда ай сайынғы төлем шамамен 180 мың теңге болады. 11 жыл ішінде несие бойынша артық төлем 7 млн теңгені құрайды.

Әзірге бағдарламаға тек 6 құрылыс компаниясы ​​қатысып жатыр. 

Krisha.kz
23.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6047
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6189
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21165
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19791
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23264