Аудандағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі барлығы 535,47 шқ құрайды. Оның ішінде:
- облыстық мәндегі жолдар – 281,8 шқ,
- аудандық мәндегі жолдар - 64,87 шқ,
- елді-мекендер көшелер - 188,8 шқ.
Ағымдағы жылы ауданға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 10 жоба немесе 10,5 шақырым орта жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Атап айтканда: Саудакент ауылындағы Сармолдаев көшесі, Саудакент ауылындағы Ш.Уалиханов көшесі, Абылайхан көшесі, Жанаталап ауылдық округі Жанаталап ауылындағы Р.Сатенұлы көшесі, Жанаталап ауылдық округі Жанаталап ауылындағы Данияров көшесінің жол жабынын орташа жөндеумен және Данияров көшесін жарықтандыру, Жанаталап ауылдық округі Уюм ауылындағы Сағынтаев көшесі, Жайылма ауылдық округі Жайылма ауылындағы Т.Рахым және Жана көшелері, Тоғызкент ауылындағы Төреқожа көшесі, Тоғызкент ауылындағы Бетпенбет көшесі, Тоғызкент ауылындағы С. Датқа көшесі.
Бүгінгі таңда 5 көшенің орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға кабылданды.