5 жылда үш салмақта өнер көрсеткен

5 жылда үш салмақта өнер көрсеткен

«Ардагер спортшы» айдарының бүгінгі кейіпкері бес жыл өмірін спортқа арнап, кейінірек жарақатына байланысты сүйікті ісімен қоштасуына тура келген спортшы – Кәрім Мышбаев. Билікөлдік балуанның есімі өткен ғасырдың 60-70 жылдары дүркіреп тұрды. Себебі, Кәрім ағамыз сол уақытта бозкілемде белдескен қарсыласын алып та, шалып та жығатын-тұғын. Ол небәрі 17 жасында институт табалдырығын аттап, аз ғана уақыт ішінде толайым табысқа жете білді.

1949 жылдың 1 қаңтарында Жуалы ауданы, Билікөл елді мекенінде дүниеге келген Кәрім 6 жасында, яғни 1955 жылы сол ауылдағы орта мектептің табалдырығын аттайды. 1966 жылы мектепті тәмамдаған соң, оның спорттағы өмірі басталады. Олай дейтініміз, сол кездегі Жамбыл технологиялық институтына оқуға түскен жігіт еркін күрес үйірмесіне жазылып, санаулы ай ішінде өзінің шын мықты екенін дәлелдейді. «Институт қабырғасында жүріп, әуелі бокс секциясына жазыламын деп ойладым. Себебі, менің іс-әрекетім, ширақ қимылым бала кезден боксшыға қатты ұқсайтын еді. Ауылда жүргенде- ақ ер жігіттердің ортасында гүрзі жұдырығыммен еленгенім есімде. Сондықт ан болар, студент ат ана салысымен-ақ, бокс үйірмесіне құмар болдым. Бірақ, ол кезде бокс секциясы жоқ еді. Еркін күреспен айналысуыма себепші болған жағдай осы», – деген еді ардагер спортшы бір сұхбатында.

Жалпы, Кәрім аға саналы ғұмырының бес жылын спортқа арнады. Бес жылда үш салмақта өнер көрсетті. Егер 1971 жылдың наурыз айының соңына қарай белгілі бір себептерге байланысты қолын зақымдап алмағанда, ол бар өмірін спортпен байланыстырар еді. Бір айдың ішінде үш рет қолын шығарып алған соң, спортпен одан әрі шұғылдануына мүмкіндік болмайды. Міне, осындай оқиғадан кейін спортты тастауына тура келді. Осылайша, оның студенттік шағы спорттағы «5 жылы» болып тарих қойнауына енеді.

Ол институтқа түскеннен кейін, бір жылдан соң 1967 жылы желтоқсан айында қала біріншілігі өтіп, сонда 78 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жеңімпаз атанған. Кейінірек, 82 килограмға ауысып, облыстық спартакиадада бағы жанды. Осылайша, ауыл баласы бүтіндей бір облыстың чемпионы атанды. Қырғыз елінде өткен байрақты бәсекеде жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлағаны да әлі күнге ел есінде. Айта кетейік, ол кезде «Буревестник» деген жастардың спорттық ұйымы болатын. Біздің спортшы сол ұйымның Қазақстан бойынша жеңімпазы атанды. Тіпті, Қарағандыда өткен Нүркен Әбдіревке арналған жарыста да көзге түсе білді. Кәрім ағамыз 1971 жылы спортпен қош айтысқан соң, оған үнемі есе жіберіп алатын Петро Калединесов есімді орыс жігіті спорт шебері атағын алыпты.

Кез келген адамның өмірінде жол көрсетіп, жөн сілтейтін тәлімгерлері болады емес пе? Мәселен, бар-жоғы жиырма жасында-ақ бокстан ауыр салмақта әлем чемпионы атағына ие болып, кейінірек «Темір Тайсон» атанған Майктың өзі атақты Мұхаммед Алиге еліктеп, сол секілді спортшы болуды армандағаны барша жұртқа аян. Мұндай жағдайлар әлемдік спорт тарихында жетіп артылады. Кәрімнің жастық шағында да бозбалаларды өзіне тарта білетін алдыңғы буын өкілдері болды. Ол оқыған мектепте Шынарбай Дәулетбеков есімді физика пәнінің мұғалімі бар еді. Ол кісі бокстан І разрядты иеленіп, қазақ күресінен облыс чемпионатында топ жарған. «Біз, оқушылар, сол кісінің әрбір іс-қимылын айнытпай салушы едік. Өз басым осы адамға еліктеп спортпен айналыса бастадым. Ұстазыма ұқсасам деген ұмтылыс тым ерекше еді менде. Ағайымыз да ерінбей бізге білгенін үйрететін. Былайша айтқанда, бапкеріміз еді. Меніңше, бапкер өзі баулитын баланы өз баласындай көруі керек. Оның киген киімін, уақтылы тамақтануын, тіпті жүріс-тұрысын да бақылауда ұстағаны жөн. Олай болмаған күнде, бала ешқандай жетістікке жете алмайды. Міне, біздің кездегі бапкерлердің бойынан осындай қасиеттер табылатын», – деп еске алады өткен күндерді ардагер спортшы.

Айта кетейік, Кәрім ағамыздың заманында еркін күрес шеберлері 9 салмақта белдесетін. Дәлірек айтсақ, 48, 52, 57 және 63, 70 сондай-ақ, 78, 87, 97 килограмм салмақта. Кейінірек, бұл ереже өзгертіліп, балуандар 10 салмақ дәрежесінде күш сынасатын болды. Осылайша, біздің жігіттің әр салмақта өнер көрсетуіне тура келді.

Кеңе с өкіметі тұсында үш рет Олимпиада чемпионы ат анған – Александр Медведеев қана. Ұлты – орыс. Кәрім аға оның мықтылығын мойындайды.

«Бәсекеле стік жоқ жерде даму болмайды деп ойлаймын. Өзіңнен тәжірибесі мол адаммен сынға түссең, одан асып түсу үшін барыңды саласың. Нәтижесінде, шеберлігің арта түсіп, өзіңе деген сенімділігің күшейеді. Әйгілі Александр балуанның шеберлігін мойындаймын. Үш мәрте олимп шыңын бағындыру оңай емес. Бұдан бөлек, Ерғали Садықов дейтін жігіттің де талантына басымды иемін. Ол екеуміз бір-бірімізден айламызды асыру үшін тынбай еңбектенетін едік. Қайсымыздың мерейіміз үстем болса, балаша қуанып мәз болатынбыз. Міне, осындай қарсыластың болғанына қуанасың. Әйтпесе, жалғыз шапқан аттың бәрі жүйрік қой», дейді Кәрім.

Даңқты спортшының кіндігінен тараған ұл-қыздары да спорттан құр алақан емес. Шыңғысхан есімді немересі қазақ күресімен айналысуда. Ол Серік Қапалбаевтай білікті жаттықтырушының тәрбиесін алған оғлан. Ал, оның ағасы Темірханның болашағы зор еді. Оның дене бітімі, ширақ қимылдары бәрі-бәрі спортшыға қатты ұқсайтын. Алайда, жас спортшы да абайсызда атасы секілді жарақат алып, спортты тастауына мәжбүр болады. Әзірге, ол үйінде ғана өз бетінше жаттығып жүр. Қос немересі өмірде өз жолын тауып, ел алдында абыройға бөленсе, Кәрім ағамыз үшін одан асқан бақыт бар ма?

 

 

Есен ӨТЕУЛІ Жуалы ауданы
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 49
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 96
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 99
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 49
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 424
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 389

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9080
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8479
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11706
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9472
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10687