500-ден астам жоба бар

500-ден астам жоба бар

Семей қаласына әкім болып сайланғалы бері Бақытжан Байахметов тұрғындармен түрлі кездесулер ұйымдастырып келеді. Сондай жиынның бірінде арнайы кеңесте Абай облысын дамытудың түрлі аспектілері талқыланды.

«Маңызды мәселелердің бірі – қаланы жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру және жолдарды жөндеу. Энергетика министрлігі жанынан Семей қаласын жылумен қамтамасыз ету мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Оның жұмысы жемісті болады деп үміттенеміз», – деді Бақытжан Байахметов кеңеске қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде.  

Сондай-ақ, 6  шағын ауданды дамытуға 2 млрд бөлінеді екен. Мұндай мәліметтерді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Нахаловка 14 шағын аудан, 905 құрылыс аудандарының, Цементшілер, Степной, Западный кенттерінің тұрғындарымен кездесуде келтірді.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов:

 «Қала әкімі қызметіне кіріскен сәттен бастап мен қала тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткіземін. Осы кезеңде 178 көшпелі кездесу өткізілді, оның 136-сы қалада, 42-сі ауылдық округтерде өтті.

Біз тұрғындармен кездесулердің қорытындысы бойынша Семей қаласының 2022 жылға арналған әлеуметтік тәуекелдер картасын құрастырдық. Аталған картаға сәйкес, 199 мәселе бюджеттен қаржыландыруды талап етеді», – деді кездесу барысында.

Аяужан САЛИКОВА, Абай облысы
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5172
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5335
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20298
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18936
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22397