500 ветеринар жетіспейді

 500 ветеринар жетіспейді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев: «Қазіргі таңда республика бойынша жергілікті әкімдіктерде екпе жұмыстарын істейтін 15 мың ветеринар бар. Олардың 500 штаттық орны бос тұр, әлі кісі алынбаған. Яғни, қазіргі таңда тапшылық 500 адам деңгейінде. Былтыр ветеринарлардың айлығын көтеру үшін Үкімет резервінен де ақша бөлінген. Өйткені бүгінгі таңда ауылшаруашылығы саласында ең төменгі еңбекақыны осы ветеринарлар алады. Бүкіл республика бюджетінен, Үкіметтің резервінен екпе жұмыстарын жүргізу аясында 6,1 млрд ақша бөлінген. Одан басқа жергілікті әкімдіктер де ақша бөлген, соның арқасында еңбекақылары 50 пайызға дейін көтерілді. Биыл 35-тен 50 пайызға дейін көтеру жоспарда бар»,– деді. Айта кетерлігі, бұған дейін вице-министр Әбілхайыр Тамабек биыл ветеринарлардың айлығы ішінара өсетінін айтқан-ды.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 62
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 174

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 95
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 170
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 166
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 175
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 174