60 жастан асқан 571 азамат "Pfizer" екпесін ектірген

60 жастан асқан 571 азамат "Pfizer" екпесін ектірген

Бүгінде өңірде өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, өңірге "Pfizer" екпесінің 17790 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге  бірінші компонентінің 7672 дозасы, екінші компонентінің  4162 дозасы егілген. 

Ал бала емізетін аналардың 1170-сі бірінші компонентті, 781 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің  418-і бірінші компонентті, 290-ы екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан  216 ана өткен.

Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 571-і  "Pfizer" вакцинасын ектірген.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, екпе - індеттен құтылудың жалғыз тәсілі.

 

Ал, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында "Pfizer" екпесінен бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда.

Аурухананың иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, қазіргі таңда бірінші компонентті 39386 адам, екінші компонентті 37489 азамат қабылдаса, ревакцинадан 15596 адам өткен.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 355
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6460
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8169
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6540
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6676