6,5 млн тонна астық экспортталады

6,5 млн тонна астық экспортталады

«Биыл Биыл жоспарға сай 6-6,5 млн тонна астықты экспорттауға жағдайымыз бар. Бұған дейін айтқанымдай, бүгінде еліміз бойынша 16 млн тонна астық бастырылса, оның 7 млн-ы ішкі нарықты қамтамасыз етеді. Астық экспорты бұрынғысынша, Орталық Азия, Ауғанстан, Иран еліне жасалады. Сонымен қатар қатты дәнді дақылдарды кейбір Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Одан бөлек, вице-министр биыл қуаңшылық жайлаған Маңғыстау фермерлерін жемшөппен қамтуға қатысты пікір білдірді. «Жоспар бойынша Маңғыстау облысына 77 мың тонна жемшөп жинау керек, бүгінде оның 65 пайызы дайындалды. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта басқа облыстармен шарт жасасып, жемшөп жеткізіліп жатыр. Жемшөппен қамтуды 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп ойлаймын»,— деді.  

Ермек Сахариев
29.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5856
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5997
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20970
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19599
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23070