9 айда 63 мыңнан астам көлік шығарылды

9 айда 63 мыңнан астам көлік шығарылды

 

   ҚР ИИДМ баспасөз қызметі: «Қазақстанда 9 айда 63 мыңнан астам көлік шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайыз жоғары.  Олардың басым бөлігін жеңіл автомобильдер өндірісі құрап, аталған кезеңде 55 016 көлік шығарылған. Сондай-ақ, 6971 жүк техникасы, 872 автобус, 489 тіркеме және жартылай тіркеме, 211 мамандандырылған техника өндірілді. Шығарылған автокөліктердің жартысына астамы «Сарыарқаавтопром» кәсіпорнына тиесілі. Қостанай зауытында 38 309 жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар өндірілді. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 19585 автокөлік, Семейдегі СемАЗ 3 155 коммерциялық техника, Көкшетаудағы «КАМАЗ Инжиниринг» 1 115 жүк көлігін, Hyundai Trans Auto 586 коммерциялық автокөлік, Daewoo Bus Kazakhstan 207 техника, Саран қаласындағы QazTehna жаңа зауыты Yutong 143 автобус шығарды. Қазақстандағы кәсіпорындарда игерілген ең танымал брендтер бестігі (экспортты қоса алғанда): Chevrolet (23 556 бірлік), Hyundai (19 643 бірлік), Kia (6 871 бірлік), JAC (4 488 бірлік) және GAZ (3 149 бірлік). Қазақстанда шығарылған автомобильдер экспорты саланы дамыту үшін стратегиялық маңызды болып қала береді. 2021 жылдың 9 айында дайын автомобильдерді жеткізу 43 пайыз артып, 52,4 млрд теңгеге 7 816 көлік шетелге шығарылды. Олардың негізгі бөлігі Ресейге (4 346 бірлік), Өзбекстанға (2 968 бірлік), Беларуське (398 бірлік), Қырғызстанға (102 бірлік) және Әзірбайжанға (2 бірлік) сатылған»,— деп хабарлайды.  

Ермек Сахариев
03.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829