900 адамға тегін жер телімдері беріледі

900 адамға тегін жер  телімдері беріледі

Орал қаласында ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 2 қыркүйегі аралығында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін беруге өтініштер қабылдануда.

Орал қалалық әкімдігінде ұйымдастырылған брифинг барысында қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Мирас Мұхитов жер телімдері 900 адамға берілетінін айтып өтті. 

– Орал қаласы әкімдігі 2017 жылы шаһар аумағындағы Круглоозерный кентінен жалпы көлемі 165 гектарды құрайтын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған болатын. Әкімдік тарапынан осы аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталып, жер учаскелеріне бөлініп, оларға инженерлік желілер өткізілді. Бұл жерлер тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерінің кезегінде тұрған 900 адамға берілетін болады. Яғни 2002, 2003 жылдары, 2004 жылдың бірінші және екінші тоқсанында өтініш жазған азаматтар қамтылады. Олардың тізімі Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, – деді аталмыш бөлімнің өкілі.

Атап өткендей, жер телімдерін тізімде қамтылған тұрғындарға беруге өтініштер қабылдау 11 шілдеде басталды. Алдағы 2 қыркүйекке дейін жалғасатын бұл іс-шараның мерзімі ұзартылуы да мүмкін. Қолданыстағы заңға сәйкес, алдымен тізімдегі адамдардың мемлекеттен тегін жер учаскесін алған-алмағандығы жөнінде ақпараттар тексеріледі. Аталған ақпарат зерделеніп, мемлекеттен тегін жер берілмеген болса, одан әрі үлгі бойынша өтініш толтырылады. Барлық өтініштер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығына сәйкес «Елдімекен шегіндегі объектілерді салу үшін» қағидасына сәйкес жүргізіледі. 

– Бұл мемлекеттік қызмет жалпы 46 жұмыс күнін қамтиды. Бірінші кезең – 28 күн, яғни өтініш келіп түскеннен кейін Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі жер учаскесін беру жөнінде жер таңдау актісін жасақтайды. Коммуналдық мекемелерге келісімге жібереді. Келісім алынғаннан кейін жер таңдау актісін бекітеді. Екінші кезең 18 күнді қамтиды. Бұл аралықта жасақталған, бекітілген жер таңдау актісіне сәйкес жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік корпорация жер кадастрының жоспарын жасақтап, оны Орал қаласының жер қатынастары бөліміне жолдайды. Олар аталған кадастрлық жоспарды бекітіп, Орал қаласы әкімдігінің қаулы-жобасын дайындап, қол қойылады. Аталған қаулы негізінде жалға беру шарты жасалады. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдері жалға беру шартымен үш жылға беріледі. Жерді пайдаланушылар үш жыл ішінде үйін тұрғызып алғаннан кейін ол жерді жекеменшікке сұрауына болады. Сол кезде аталған жер телімі азаматтарға тегін беріледі, – деп түсіндірді бөлім басшысының орынбасары М.Мұхитов. Бұл жерлердің жеке тұрғын үй құрылысына ғана арналғанын баса айтқан баяндамашы үш жыл ішінде мақсатты түрде пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, кезекте тұрған келесі адамға берілетінін жеткізді. Сонымен қатар аталған кентте бой көтеретін тұрғын үйлердің сыртқы сұлбасының біркелкі болуы да назарға алынады. 

Өтініштер қабылдау облыс орталығындағы «Жұмыспен қамту орталығында» жүргізілуде. Келушілерге «Халыққа қызмет көрсету орталығының» мамандары да сол ғимаратта қызмет көрсетеді. Күніне жиырма адамнан өтініш қабылдануда. 

Жалпы Орал қаласында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер телімін сұрап 109 мыңнан астам адам өтініш жазған. Ал елімізде әрбір қазақстандық 10 сотық жерді тегін алуға құқылы екені белгілі. 

   

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666