«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданына қарасты Березовка ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жоба сәтті аяқталды.
Жобаны мердігер ұйым –«СервисТехЦентр» ЖШС іске асырды. Құрылыс барысында:
• 9,6 шақырым су құбыры тартылды;
• 39 құдық салынды;
• 2 су резервуары мен 1-ші және 2-ші көтерілімге арналған насос станциялары орнатылды.

Ауыз су жүйесінің барлық негізгі жұмыстары 100% аяқталып, Березовка тұрғындарына тұрақты әрі сапалы су берілді. Қазіргі уақытта жобаны толықтай аяқтау үшін көшелерге бейнебақылау камераларын орнату және АО «ОЭСК»-тен электр желілерін тұрақты қосуға рұқсат алу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Партиямыздың сайлауалды міндеттемелерін жүйелі түрде орындау – басты мақсатымыз. Су желілерінің құрылысы партия және депутаттар бақылауында өтіп, сапалы жүзеге асырылды. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады», – дейді «AMANAT» партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Анастасия Тиц.
Бұл жобаның орындалу барысы «AMANAT» партиясы және мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болды. Құрылыс кезең-кезеңімен қадағаланып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы атқарылуы қамтамасыз етілді.
«Бұл жоба біздің көптен күткен мәселемізді шешті. Үйімізге тұрақты әрі сапалы су келіп тұрғанына қуаныштымыз. Ауылдың тұрмыс сапасы едәуір жақсарды», – дейді Березовка ауылының тұрғыны Бесчетнова Ирина Юрьевна.
















