Жуырда Оралда ақын Абдул Рахметовтың «Көңіл көктемі» атты алғашқы шығармашылық кеші өтті.
Кешті Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ұйымдастырды.
Шығармашылық кеште ақынның тырнақалды алғашқы туындысы «Ар» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған әндерді елімізге танымал әншілер шырқады. Айталық,«Қазақстан дауысы» жобасының финалисті Таңат Жексенбаевтың орындауындағы «Анаға сағыныш» әні көрерменді ерекше күйге бөледі. Ақынның анасына деген сағынышы аппақ сезіммен ақ парақ бетіне өлең боп түскен жыр шумақтарына Таңат Жексенбаев ән жазған бұл туынды — барлық аналарға деген құрметтің белгісі.
Шығармашылық кешке арнайы құттықтай келген БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, кеш иесін БҚО әкімі Н. Төреғалиевтің алғыс хатымен және «Еңбек даңқы» медалімен марапаттады. Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева жерлестерінің сәлемін жеткізіп, аудан әкімнің алғыс хатын табыстап, елдің атынан сәйгүлік атады. Құттықтаулар легі бұдан әрі де жалғасып, Бөрлі аудандық мәдениет үйінің директоры Аңсар Дүйсенов ақынға Бөрлі ауданы әкімінің алғыс хаты мен ықылас гүлін табыстады.
Сондай-ақ Донеділ, Қажымов, Жаңылсын Хасанова, Жаскелең Ғайсағалиев, Еркін Өтегенов, Қуаныш Хисметов пен Раушан Қуанышалиева, Ербол Ақбасов, Дана Жарас және басқа да өңіріміздің танымал өнерпаздары өнер кешін әсем әндермен көркемдеді. Ал Қызылордадан осы кешке арнайы келген қазақ эстрадасындағы хит әндердің авторлары Әль-Фараби Бекарысұлы мен Үкітай Ерниязов кеш иесіне шалқар шабыт тілеп, Ақжайыққа келген сағыныштарын «Оралға Дәл осы кеште ақын Абдул Рахметов пен әнші-сазгер Ербол Ақбасовтың жаңа туындысы «Ұмытшы мені» әнінің тұсауы кесіліп, әнді Мәулет Жұбатов орындады.
«Назерке»,«Салтанат», «ККК» ансамбльдері әр әннің би қойылымындарын дайындап, кештің әдемі өтуіне атсалысты.