Әбу-Даби әмірлігі Маңғыстауға инвестиция салады

Әбу-Даби әмірлігі Маңғыстауға  инвестиция салады

Жуырда  Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев БАӘ-нің ірі бизнесмендерінің бірі, Etihad Towers көп функционалды кешенінің иесі, «First Abu Dhabi Bank» акционері, Абу-Даби Әмірлігіндегі билеуші ​​отбасының өкілі Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті.

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзінің жеке дайындығымен қатар, БАӘ-нің басқа да ірі компанияларының қызығушылығын да  атап өтті.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі тапсырмасына сүйене отырып, жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде инвестициялар тарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізіп жатқанын және Маңғыстау облысының аумағында инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін қолданыстағы заң аясында барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын екенін атап өтті. 

Кездесу барысында тараптар БАӘ өкілдері мен Маңғыстау облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.

Голрох Жеменей
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5050
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5214
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20175
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18819
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22273