Абысын-ажындар сахнада сайысты

Абысын-ажындар сахнада сайысты

«Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп» дегенді  қазақ тегін айтпаса керек. Әрбір шаңырақтың  берекесі, ер-азаматының серігі ғана емес, ауыл-аймақтың ұйытқысы болып жүрген  аяулы  келін, абысын-ажындарымен қазақтың іргесі мықты десек, асыра мақтағанымыз емес. 

Сондықтан да болар, ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттап келе жатқан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігі жыл сайын  «Абысын-ажын» фестивалін  өткізуді жүйелі қолға алып отыр. 

Биыл  21 қыркүйекте  үшінші мәрте ұйымдастырылған фестиваль  тізгіні  Алматы және Алматы облысы филиалдарына тиді.   Тоғыз облыстан  жиналған  ақ орамалды абысын-ажындар сөзге шешен, іске шебер, бірінен-бірі өткен өнерлі, алғыр да талантты келіндер екенін көрсетті.

 

Келіндер  арнайы бір апта бойы торсық дайындап, оның ішіне өздері ашытқан  қымыз, шұбатын құйып,  құрт-майын, қарын бүрмесін, балқаймағын  әділ қазылар алқасына ұсынып таңырқатты.  Сахнада өзін ұстау мәдениеті, ойлануға  берілген  уақытты  қалт жібермей тиімді пайдаланулары өз дәрежесінде болды. Байқаудың әр кезеңіне  жақсы  тақырыптар  таңдалып және оның көрсетілу  сценарийі де жақсы ұйымдастырылғанына куә болдық. 

Бас төрайымымыз Айнұр Жүгінісова бастап, бас кеңесші Замзагүл қажы анамыз  қоштаған қазылар алқасы шешімімен Бас жүлде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының абысын-ажындарына тиесілі болды. Ал бірінші орын сәні мен сымбаты жарасқан маңғыстаулық келіндерге бұйырса,  ибалы да инабатты Баянауыл  келіндері екінші,  ақылы көркіне сай Абай облысының абысындары үшінші орынды еншіледі. Қалған облыстардан келген сайыскерлер де  Алғыс хат пен заттай марапаттарға ие болды.  Әсіресе, әйелге тән нәзік те инабатты табиғилығымен баураған ақтөбелік келіндер көрермендердің көзайымын жаулады десек, артық айтқанымыз емес. 

Кеш соңында  «Astana Flaza»  мейрамханасында дастарқан жайылып, келген қонақтар мен қатысушы барлық аналарға құрмет көрсетілді. Дастарқан батасын білім саласына еңбегі сіңген ардақты ұстаз, сексеннің сеңгіріне келген ардақты анамыз Баян Ахметова беріп, қонақтарға ақ жол тіледі.

Сайысқа қатысқан барлық келіндерге құтты болсын айтамыз. Қазағымның салт-дәстүрі жаңғыра бергей!

Ұйымдастырушы – Алматы қаласы филиалдарын  басқарып отырған  Ләйле Дәулет ханым бастаған барлық аудан төрайымдарына ризашылығымызды білдіреміз. 

Кәмила САПАРХАЙЫР, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалының төрайымы
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 60
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 585
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 700
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 623

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372