Адал ұрпақ тәрбиесіне бағытталған форум

Адал ұрпақ тәрбиесіне бағытталған форум

Орал қаласында «Адалдық академиясы: жастар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» тақырыбында форум ұйымдастырылды. Шара жастарға адалдық, әділдік пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталды.

Бұл жиынды Орал қалалық ішкі саясатының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шаралар қатарындағы форум жұмысында жастардың азаматтық жауапкершілігі, адалдық пен әділдік қағидаттары талқыланды. 

Маңызы ауқымды басқосуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Дәурен Хайров, Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, М.Өтемісов атындағы БҚУ аға оқытушысы, адвокат Ғалымжан Ищанов, ҚР ҒЖБМ БҚО студенттер мәселелері жөніндегі уәкілі Тасболат Серікқалиев сөз алып, аталған тақырып төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті.  

Форум барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті мен «Орал студенттер Альянсы» арасында меморандум жасалып, жастар арасындағы адалдық қағидаттарын ілгерілету, білім беру ұйымдарының рөлін күшейту және ашық әріптестікті дамыту мақсаттары бекітілді.

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында заң мен тәртіптің маңызын атап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің стратегиялық басымдығы деп белгілеген болатын. Сондықтан адал ұрпақ – әділетті қоғамның негізі. Жастардың белсенділігі ертеңгі жарқын болашаққа жол ашады, – дейді «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі төрайымының міндетін атқарушы Гүлбаршын Мұштанова.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

БҚО, Орал қаласы

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 556
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 558

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20882
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35800
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34320
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38202