ӘДІЛДІК ПЕН ТУРАЛЫҚ

ӘДІЛДІК ПЕН ТУРАЛЫҚ

Заң бойынша тұтынушының 14 күн ішінде сатып алған затын айырбастауға немесе ақшасын кері қайтаруға құқығы бар. Алайда кейбір сауда орындары заңға бағынбай, тұтынушының құқығын таптап жатады.
Мәселен, төмендегі оқиға өткен жылдың шілде айында орын алды. Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне қала тұрғыны хабарласып, өз мәселесін егжей-тегжейлі баяндап берді.

Тұрғынның сөзінше, облыс орталығында орналасқан жиһаз дүкенінің бірінен каталог бойынша диванға тапсырыс берген. Төлемді «Kaspі» банктың қосымшасы арқылы жасайды. Сонымен, диван егесіне уақытында жеткізіледі. Алайда мүлдем басқа жиһазды көргенде сатып алушы өз көзіне өзі сенбейді. Тапсырыс берген жиһазына мүлдем ұқсамайды. Не түсімен, не өлшемімен, не өндірушісімен сәйкес келмейді.
Кейіпкеріміз мұндай жағдайда не істеді? Ең алдымен, сауда орталығының сатушысына дереу хабарласып, сатып алудан бас тартатындығын айтады және жазбаша түрде бас тартуды талап етеді. Сөйтіп, тиісті келісімшарт жасалады. Өтініш қабылданып, жиһазды келісімшарт бойынша қайта алып кетеді. Жасалған төлемді 15 күннің ішінде қайтаруға уәдені де береді. Дегенмен келісімшартта ақшаны 30 күн ішінде қайтару туралы да жазылады. Бірақ не 15, не 30 күн ішінде тұтынушыға ешқандай ақша қайтарылмайды. Диванды басқасына айырбастау да мүмкін болмайды. Тұтынушының сатушыға күнделікті хабарласуы да нәтиже бермеді. Кейіпкеріміз не істерін білмегендіктен департаментке «Диванды қайтару дұрыс па, ақшаны қалай қайтарсам болады?» деген сұрақпен жүгінді.
Сөйлесе келе, тұтынушының диванды шын мәнінде көрмегенін білдік. Сатып алушы ди­ванды тек суреттен көріп тапсырыс берген екен. Департаментте тұрғынға «Тұтынушылардың құқық­тарын қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-тармағы бойынша, тауарды үлгі және сипаттамамен сату кезінде тұтынушының үлгіге немесе сипаттамаға сәйкес тауарды алуға құқығы бар екенін растады. Заңның 29-бабының 5-тармағына сәйкес, тауарды үлгі және сипаттама бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге немесе сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті.
Мәселені шешу үшін тұтынушыға Заңның 42-4-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, төленген соманы қайтару талабымен сатушыға жазбаша шағыммен жүгіну ұсынылды. Тұтынушы да департаменттің ұсынысын орындады. Бірақ дүкен тұтынушының талаптарын ескермеді. Және Заңның 42-4-бабының 2 тармағын бұза отырып, шағымға дәлелді жауап қатпады.
Шағымға жауап бермеу және айырбастауды қамтамасыз етпеу фактісі – тауарды тиісті және тиісті емес сапада қайтару департаменттің жоспардан тыс тексеру жүргізуіне мүмкіндік береді. Бірақ шағын және микрокәсіпті тексеруге мораторий қойылғандықтан департаменттің тексеруге мүмкіндігі болмады. Сол себепті тұтынушыға өз құқықтарын қорғау үшін мораторий қолданылмайтын қо­ғам­дық бірлестікке жүгіну ұсынылды.
Қоғамдық бірлестік өз кезегінде сатушыға қақтығысты сотқа дейінгі тәртіппен шешуді ұсынды. Сөйтіп, сотқа дейінгі шағымды қайта жолдады. Алайда заңды мерзімде (10 күнтізбелік күн) сатушы тұтынушының шағымына жауап бермей, тұтынушының заңды талаптарын бұзады. Осыдан кейін департамент атына қоғамдық бірлестік төрағасының атынан өтініш берушінің тұтынушылық құқықтарын қорғауға жәрдемдесу туралы өтініш түсті.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, бизнес субъектісіне қатысты бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізе алады. Профилактикалық бақылау бұзушыға хатты жіберу арқылы жүзеге асырылады. Онда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріледі және жіберілген бұзушылықтарды диванның сомасын қайтару арқылы ерікті түрде жою ұсынылды.
Заңның 6-2-бабының 8 және 9-тармақтары бойынша, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсыным тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде департаменттің атына қарсылық жіберуге құқылы.
Сатушы ұсынысқа қатысты ешбір қарсылық білдірмеді, бірақ талаптарды да орындамады.
Сотқа дейінгі реттеудің барлық мүмкіндіктерін сарқып болған соң тұтынушы қоғамдық бірлестікті өз өкілі ретінде анықтап, сотқа талап арызбен жүгінді. Бөлім сот ісін жүргізуге үшінші тұлға ретінде қатысты.
Жауапкер, яғни сатушы сотқа келуден бас тартуына байланысты сот процесі үнемі кейінге қалдырылды.
Істің барлық материалдары зерделегеннен кейін сот залалды өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу және моральдік зиянды өтеу туралы талапты ішінара миллион теңгеден астам сомада қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Тұтынушы осылайша ұзақ жолды әділдікті орнату және өз құқығын қорғау үшін жүріп өтті. Әділдікті орнату мақсатында тұтынушы департаментке келіп, өз жағдайын түсіндірді. Бірнеше айға жуық сатушымен арпалысты, нәтижесінде жеңіске жетті.
Мұндай жағдай қаламыздағы барлық жосықсыз кәсіпкерлерге сабақ болуы тиіс!

Татьяна ФЕДОСОВА, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы
12.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10392