Әділетті Қазақстанды құру енді басталады

Әділетті Қазақстанды құру енді басталады

Халықтық коалицияның форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар көрініс табады. Менің нық сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс. Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ұдайы сақтауды жақтайды. БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайды. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасатын боламыз, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуетін нығайтамыз. Сайлауалды тұғырнамадағы бағыттарға келсем, біз үшін негізгі басым бағыт – халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл басымдық ешқашан өзгермейді. Ал біздің реформаларымыздың басты мақсаты – Әділетті Қазақстан құру. Көп нәрсе жасалды. Бірақ біз осынау қиын жолдың тек басында ғана тұрмыз. Алға қарай жылжу үшін біз өткеннен сабақ алып, болашақтың бейнесін нақты көруіміз керек. Меніңше, ұлтты ұйыстыратын жеті қағида бар. Оларды атап өтсем: 

Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат.

Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы.

Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық.

Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы.

Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі.

Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы.

Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер», – деп мәлімдеді. 

 

13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620