Аға бер, «Мөлдір бұлағым»!

Аға бер,   «Мөлдір бұлағым»!

Алысқа жетсін жыр-әнің,

Жайқала берсін құрағың.

Құт болып кірдің әр үйге,

Серігім, «Мөлдір бұлағым»!

 

Қалалар, ауыл картада,

Оқиды ұл-қыз, қарт ана.

Құс болып ұшып тарайсың,

Атырау, Алтай, Арқаға.

 

Үйлерді Рух боп аласта,

Мыңдаған сәби, бала аз ба?

Күтеді ұл-қыз сағынып,

Өскемен, Шымкент, Таразда.

 

Көп жылдар жылжып өтсе де,

Тарай бер ғасыр кетсе де.

Ай сайын күтіп жүр сені

Ақтөбе, Орал, Көкше де.

 

Зиялы ұрпақ, жас дана,

Оқырмандарды тастама.

Қолдардан-қолға таратар

Алматы, Ақтау, Астана.

 

Ұрпаққа қызмет – ұраның,

Тілекшің болып тұрамын.

Ұлдар мен қыздар кәусары,

Аға бер, «Мөлдір бұлағым»!

 

Саят ҚАМШЫГЕР, ақын, «Серпер» сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының, ҚР Мәдениет саласының үздігі
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5305
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5465
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19064
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22525