АҒАЛАРЫМ

АҒАЛАРЫМ

 Сарғайған сары күздің жүзін қара,

Құйынның қырдан көшкен ізін қара.

Сөгілген қабырғасы Қаратаудың,

Жан-кеудем жауар бұлттай бұзылды, аға.

Қасқалдақ қара бауыр, Қаранарым,

Білемін жан кеудеңде жара барын.

Айналған күміс сағым, көшкен бұлтқа,

Көзімнің қарасындай ағаларым.

Жалғаншы, жалғансың ғой не демекпіз,

Табытын талай ердің шегелеппіз.

Қадірін қолда бардың кім білер деп,

Көз жасын көп жылады себелеп күз.

(Мысалы, біздер де бір жел жапырақ,

Борай құм, боз жусан мен ебелекпіз.)

Ақ боз үй, көл жағасы көркем екен.

(Көп аққу көлге біткен еркем екен.)

Таласып батар күнмен шың басында,

Маңыстап, маңыраған Серкем екен.

Мен де бір көлге біткен шағаламын,

Шалдығып шаршы әлемді араладым.

Серкем жоқ, құз басында құлжа да жоқ.

Көшкен бұлт, ескен самал, ағаларым.

 

Ақтау қаласы, 09.04.22ж

САБЫР АДАЙ
14.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1555
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7589
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11466
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7632
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7792