АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ АҚТӨБЕЛІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰНЫ 20 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ЖОБАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ АҚТӨБЕЛІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ  ҚҰНЫ 20 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ЖОБАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Ақтөбе облысындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы былтыр жалпы сомасы 20 млрд теңгенің жобаларына қолдау көрсеткен. Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының басшысы Гүлжанат Ерғазина айтты.

Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбедегі облыстық бөлімшесіне барып, ұжыммен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамытатын қаржы институтының ағымдағы қызметімен, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландырудың қолданыстағы шарттарымен танысты.

Былтыр Ақтөбе облысындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы жалпы сомасы 20 миллиард теңгенің жобаларына қолдау көрсетті. Осы жылы дәл сондай қаржы ақтөбелік шаруаларға да берілетін болады. Қазіргі уақытта «Кең дала» бағдарламасы бойынша жұмыстар басталып кетті, соның аясында көктемгі дала жұмыстарына қолдау көрсетуге өтінімдер қабылданып жатыр. Облыс бойынша ендігі жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге өтінім келіп түсті. Өтінімдердің басым бөлігін облыстың төрт астықты ауданы берген, өтінімдер саны бойынша сөзсіз көшбасшы Әйтеке би ауданы, деді Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының басшысы Гүлжанат Ерғазина.

Облыс әкімі барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді, өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін жан жақты қолдауды тапсырды.

Айта кетейік, былтыр «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын» «Аграрлық несие корпорациясына» қосу туралы шешім қабылданған болатын.

Аграрлық несие корпорациясына Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының шағын бизнесті несиелеу, өсімдік шаруашылығын сақтандыру және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында «Ауыл ипотекасы» агентінің қызметтері берілген.

Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «бір терезе» қағидасымен несие алуға мүмкіндік берді.

03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 478

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788