Айдос Сарым: Конституциялық реформа — ел тарихындағы маңызды миссия

Айдос Сарым: Конституциялық реформа — ел тарихындағы маңызды миссия

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының 7-отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының тарихи маңыздылығына тоқталды.

Оның айтуынша, әзірленіп жатқан жаңа Конституция елімізді қазіргі геосаяси және құқықтық тәуекелдерден қорғауға бағытталған. Депутат реформаны ел тарихында сирек кездесетін мүмкіндік деп бағалап, қоғам мен азаматтардың қатысуы оның ерекше құндылығын арттыратынын атап өтті.

— Біз бүгін Конституция жасап қана қоймай, елдің болашағын қамтамасыз ететін миссияны орындаймыз. Бұл процесс әрбір қатысушы үшін тарихи жауапкершілік, ал қоғам үшін — өз келешегін қалыптастыруға мүмкіндік, — деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар, ол жаңа Конституцияның елдің саяси жүйесін тұрақтандыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, технологиялық және әлеуметтік дамуға негіз болатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші қазіргі Конституция мен жаңа Конституцияның айырмашылықтарын атады. 

03.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23003
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22752
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38754
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36295
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40380