Наурыз айы көктем айы. Қазақстанда жылдың 3-айы «Алғыс айту күнімен» басталса, бір аптадан соң «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі тойланып жатады. Бұл күн қазақстандықтар үшін әйелдерге құрмет көрсететін, алғыс айтатын, аялайтын күн спетті. Сондықтан біздің «Qazaqstan dauiri» ЖШС, барлық аналарды, қыз-келіншектерді осы мереке күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақ әйелі- қазақ өмірінің айнасы. Қазақтың қайсарлығының, аппақ көңілі мен адал ниетінің, бар болмыс-бітімінің көрнісі. Біз анасын ардаққтаған, қыздарын төрге оздырған елміз. Ұлы Ғабит Мүсірепов: «тегінде, ұлылыққа қазақтың ұлынан бұрын қызы жеткен» дегені тегін айтылмаса керек-ті. Себеі қазақ әйелі қазақтың жүгін ерлерден қалыспай көтерісіп келе жатқаны баршамызға мәлім. Егемен елдің ертеңі де қазақ әйліне байланысты. Сондықтан әйелдеріміздің тағдыры- отанның тағдыры. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Мағауинның: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі»,- дейтіні бар. Бұдан асырып баға беру біге қиындау...
Өкінішке қарай тағдырымыз кейде тым қатал болып кететіні бар. Ондайда әйелдеріміз арқалап жүрген ауыртпалықтың салмағын биліктің өзі жете бағалай алмайтындай көрінеді. Әрине бұл үлкен тақырып. Оны қаузай берсек, саяси салаға қайта оралуымызға тура келер. Ал біздің мақсат- атаулы күнде әйелдеріміз үшін жақсы лепесімізді арнап, шын көңілден алғыс айту, қадірінің тым биікте екендігін тағы бір мәрте жалпақ әлемге жар салу болмақ.
Бұл мерекенің тарихы батыстан басталып, біртіндеп саяси түс алғанымен қазіргі таңда баяғыдай ұранға толған, жаттанды сөздер жарыса айтылып жататын, қып-қызыл реңі оңғаны белгілі. Есесіне «Аналар күні» секілді әйелер қауымын ардақтауға арналған жылылыққа толған күн ретінде қалыптасып кетті. Ендеше бізде осы атулы күнді пайдалана отырып аналарымызды, қыз-келіншектерімізді мереке күнімен құттықтаймыз! Жүздеріңізден шуақ кетпей, шаттанып жүріңіздер, сіздер мұңаймаңыздар, сіздер қамықпаңыздар!