Әйгілі үнді шахматшысы бүлдіршіннің тұсауын кесті

Әйгілі үнді шахматшысы бүлдіршіннің тұсауын кесті

Гроссмейстер, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд 1 жасқа толған астаналық кішкентай Әбдірахманның тұсау кесу рәсімне қатысты.

Қазақстанның шахмат федерациясының мәліметінше, салтанатты шара басталмас бұрын шахматшы балаға өсиетін айтқан.

Тұсаукесерді осы айға жоспарлап отырғанбыз. Дәл қазір астанамызда осындай ауқымды шахмат мерекесі өтіп жатқандықтан, біз тәуекел деп даңқты шахматшыға ұсыныс жасадық. Ол кісінің ұсынысымыздан бас тартпағанына өте ризамыз, – деп ағынан жарылды Әбдірахманның анасы.

Сәбидің тұсауын кескен шахматшыға бүлдіршіннің ата-анасы шапан жапты.

Баланың тұсауын кесу мен үшін мәртебе. Әбдірахманға бар жақсылықты, зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Балам, өмір бойы сені бақытты ететін мамандықты таңда, – деді Ананд.

Одан кейін шахматшы жіпті қиып, баланы анасымен бірге ақ кілем үстінен жетеледі.

 

 

turkystan.kz.
09.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5203
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5361
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425