ӘКІМ ЖӘНЕ ӨҢІР ӘЛЕУЕТІ

ӘКІМ ЖӘНЕ ӨҢІР ӘЛЕУЕТІ

Ел басқарудың қай деңгейі де барлық кезде оңай болмаған.  Қазір де қиын әрі күрделі. Қытай еліне жасаған бір сапарымызда табысы мол жеке кәсіпорынға (шамамен 4 миллион қызметшісі бар) ат басын бұрдық. Дәулетті, бақуат мекеме иелерінің жергілікті басшыларға деген әдебін, көзқарасын - жалпы сол мемлекеттің іскер адамдарға жасаған қолайлы жағдайы, әділетті жүйеге құрметі деп қабылдадық. Біз компанияның ғимаратының көрнекі жеріндегі жазбаны қазақ тіліне аударып беруді сұрадық. Мазмұны  “Бай болу оңай емес, ел басқару одан да қиын” екен. Расында, “қырық атанға жүк болатын” жауапкершілікті мойынға артып, көпшілікті басқару, оның ойынан шығу - азаматтың азаматы атқарар іс. Халық сөзімен айтсақ, пәк ниетті, жүрегі таза болып, жұрт алғысына бөлену екінің біріне бұйыра бермейді. Жекелеген басшылардың жеке ұстанымынан, басқа да факторлардан түйткілдер де кездесуі мүмкін. Жөнсіздікке төтеп бере алатындар некен-саяқ. Атқарушы биліктің талай сатысынан өтіп, көзі тірісінде де, бақиға озғанда да халықтан тек алғыс алған Нұртас Оңдасыновтың мына пікірі бүгінгі әкімдердің есінде жүрсе дейміз:

«Біріншіден, қаншама жыл қолымда билік болса да, біреуден бір тиын да пара алмадым – Қолым таза!

Екіншіден, үштіктің бірі болып, біреудің сыртынан қол қойған емеспін, яғни, ешкімнің қаны мойынымда жоқ – Арым таза!

Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген де, тіптен ешкімнің ешқашан жүзін сұраған да емеспін – Жүзім таза!».

Егер мемлекеттік қызметкер заңдылыққа бағынбаса, әдеп, тәртіп, салт-дәстүр қағидаларын ұстанбаса өз беделін түсіреді. Сол арқылы биліктің мәртебесіне, салтанаты мен құдыретіне едәуір нұқсан келтіретіні де рас. Шындығында, ел сенімін ақтап жүрген, азаматтық ой-өрісі, мемлекетшіл санасы жетілген әкімдер елімізде анағұлым көп деуге болады. 

Соған қарамастан, соңғы кезде әкімдерді сыпыра жамандау сәнге айналды. Өкінішке қарай, жаппай ғайбаттап, жала жаба салу етек алып тұр. Осы дұрыс па? Дәстүрімізде жоқ, тіпті болмаған үрдісті тықпалайтындар, ермелер, басшыны бетінен алатындар нені көксейді? Ойлай қарасақ, әкімді, мұғалімді, дәрігерді, сақшыны, молданы қаралау елдің бірлігіне сына қағып, бұқарамен қоян-қолтық араласатын кәсіпті тұқыртудың басы сияқты. Олардың баршасы сүттен ақ, судан таза деген ойдан аулақпыз. Өмір болған соң қателесетін, шалыс басатын біліксіз басшы да, тұрлаусыз түрлі кәсіп иесі де кездеседі. Сондықтан маманды немесе мамандықты емес, адамның өзін ісіне қарай әділ сынау керек. 

Халық өзіне жақын, мұң-мұқтажын еститін, көптің қамын күйттейтін адамды әкім ретінде көргісі келеді. Бұл орайда Әйтеке би: “Жолдасын таппаған жігіт азады. Басшысын таппаған ел азады” деп қалай дәл айтқан. Қай деңгейдегі болсын, біліксіз басшы - елдігімізге сын, кадр таңдау ісі мен әкім сайлау жүйесіне халықтың қойып отырған әділ талабы, уәжі. Жалпы, салғыласуға, өзара кінә артуға кететін уақытты бір-бірін тыңдауға, айтқанын естуге, елеп-ескеруге, бірлесе шешуге жұмсаған тиімді болар еді.

Үкімет жиналысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге көкейкесті міндеттер жүктеді, таяу кезеңде жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін белгілеп берді. 

“Аймақтарда жұмыстың алға басуы әкімге байланысты екені рас. Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтін де көбінесе әкімдер. Бұл – ащы ақиқат. Тіпті, қаржылай көмек бермек түгілі, заң аясында  әкімшілік қолдау да көрсетпейді. Мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғару керек. Аудан әкімдеріне нақты меже қойылсын. Оларға жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн. Біз  енді  жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше, әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет”. 

Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы қоғам тілегінен, қайнауынан шығып отыр. 

Дәл қазір өңірге көбірек өкілеттік беру - көкейкесті мәселе. Әсіресе, бюджет жасақтауға қатысты өзгерістер жұртшылық көңілінен шығатыны сөзсіз. Осыған байланысты Президент:

“…Мен бұған дейін бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы тапсырма берген болатынмын. Осы тапсырманы тағы да естеріңізге саламын. Бұл ретте, қаржыны жергілікті жерде көбірек қалдыруға баса мән берген жөн”, - деп,  нақтылықты меңзеді. 

Біздіңше, мұндай іс-қимыл өңірлердегі халықтың жағдайын жақсартуға, әл-ауқатын көтеруге, сондай-ақ әкімдер жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Бұдан орталықтың беделі кемімейді, өңірлердің күш-қуаты артады. Ғаламдық экономика кеңістігінде өмір сүріп жатқандықтан инвестициялық жобаларда, жаңа технологияларда өңір үлесін молайтуға септігін тигізеді. Өзге дамыған елдер де осындай жолдан өтіп, өркениетке қадам басқан. Ал аталған тиімді өзгерістерді заңдық жағынан қамтамасыз етуде Парламент аянып қалмасы ақиқат. Өйткені депутаттар корпусы заң - адамзат тәжірибесін қоғам игілігіне икемдейтін даналықтың жөн-жобасы екенін кәсіби мүддесімен ұғынады. 

Жаңаруға бет түзеген Қазақстанның алар асуы биік болғай. 

Дархан МЫҢБАЙ
12.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779