ӘКІМДЕР ДЕ ҚОҚЫС ЖИНАУҒА ШЫҚТЫ

ӘКІМДЕР ДЕ ҚОҚЫС ЖИНАУҒА ШЫҚТЫ

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық акциясы аясында студенттер мен белсенді жастар қала сыртын заңсыз төгілген қоқыстан тазарту жұмыстарына үлес қосты. Бұл шараға қатысқан Ақтөбе қаласы әкімі Азамат Бекет 150 жаспен бірге қоқыс жинап, коммуналдық қызмет жұмысшыларына көмек көрсетті. 

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула» шарасы да ұйымдастырылып, оған тұрғындар қатысты, өздерінің аула аумақтарын жинады. 

– Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбеде 28 наурызда екі айлық сенбілік жарияладық. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, жастар жаппай қатысып жатыр. Міне, бүгін қала сыртына тұрғындар заңсыз төгіп кеткен қоқысты жастармен бірге тазартуға шығып тұрмыз.  

Бұл шараға қазір 130-дан астам студенттер мен еріктілер қатысып жатыр.

Осыған дейін өткен үш сенбілікке 10 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде қала аумағынан 14 мың тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар қала сыртында қоқысты полигонға жеткізбей төгіп кету фактілері де кездесіп отырғанын айта кету керек. Мысалы,  «Ғарыш сапары» геопорталы қала аумағынан заңсыз төгілген 74 қоқыс үйіндісін анықтады. Бүгінгі күнге дейін 48 қоқыс үйіндісі толықтай жойылды. Қалғаны бойынша қазір мердігерлер жұмыстанып жатыр, –  деді Азамат Бекет. 

Қала әкімінің айтуынша, қоқысты  белгіленбеген жерлерге заңсыз төгіп кетумен күресте учаскелік полицейлердің бақылауы күшейтілді. Мәселен, заңсыз қоқыс төккен 1191 адамға әкімшілік шаралар қолданылды (оның ішінде ескертуі бар, айыппұлы бар). Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 486 875 теңгені құраған.

Қала әкімдігі тұрғындарды тазалыққа, тәртіпке шақыру шараларын жастарды тарту арқылы да жалғастыра бермек. Мысалы бүгінгі шараға Ақтөбе Сервис колледжінің, Автожол колледжінің, «Болашақ» колледжінің, ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің және Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университет Жоғары колледжінің студенттері қатысты. 

– Біз үшін өзіміз тұратын қаламыздың тазалығына үлес қосу – үлкен мәртебе және асқан жауапкершілік. Тұрғындарды кез келген жерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Тұрғындар мына жерге ескі жиһаздарына дейін әкеліп лақтырып кеткен. Осы жерден шамалы жүрсе, қалалық полигон бар. Ол жақта тегін қабылдап жатыр қоқысты. Даланы бүлдірмей, сол жерге апарып төксін деп өтінеміз, – деді ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Жансая Базарбаева. 

Айта кету керек, Ақтөбеде тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін тұрғындармен идеологиялық жұмыс та күшейтілді. «Таза аула» акциясы аясында тұрғындар арасында «Менің Ақтөбем» байқауы жарияланды. Ауласын абаттандырған, көгалдандырған кез келген тұрғын осы конкурсқа қатыса алады. Бірінші орынға 1 млн теңге жүлде белгіленді.

М. ТАБЫН, 

Ақтөбе қаласы

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24567
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37572
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41950