Әкімшілік 137 млн теңгеге көлік жалдамақ

Әкімшілік 137 млн теңгеге көлік   жалдамақ

Алматы әкімдігі 137 млн теңгеге жүргізушісі бар автокөлік жалдамақ. Әкімдік көлікті он айға жалдамақшы. Бұл үшін бюджеттен 137 910 783 теңге алынбақ. Сонда Алматы әкімдігі ай сайын қызмет көлігіне 13,7 млн теңге жұмсайды. Ал бір күндік жол-пұлы шамамен 460 мың теңге болады. Әкімдік бұл көлікті қайтпек? Техникалық сипаттамасына сүйенсек, көлік дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-19:00 аралығында қызмет сапарлары үшін мініледі. Сондай-ақ, көліктің үкімет мүшелері мен шетел делегацияларын қарсы алу үшін Алматы халықаралық әуежайының аумағына кіруге рұқсаты да болуы тиіс. Әрине, әкімнің және әкімдіктегілердің халық мәселесін дер кезінде шешу үшін әрі-бері шапқылайтыны анық. Олардың жол-пұлы, уақыты – бәрі шығын екенін түсінеміз. Бірақ бүйтіп шашылып көлік жалдау құны тым қымбат емес пе?

Рауан Мутаир, Жандаулет Дигарбеков
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5215
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5374
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20338
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18973
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22438