Әл-Фарабидің бай мұрасы халықаралық ғылыми талқылаулардың назарында: Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Алматыдағы халықаралық конференцияда сөз сөйледі

Әл-Фарабидің бай мұрасы халықаралық ғылыми талқылаулардың назарында: Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Алматыдағы халықаралық конференцияда сөз сөйледі

2026 жылғы 6 қарашада Қазақстанның Алматы қаласында Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO), Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Философия. Ізгілік. Болашақ» тақырыбындағы «Әл-Фараби және оның адамзат тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық конференция өтуде.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті, Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференция қатысушыларына арнаған құттықтау хатын оқып берді. Ресми отырысқа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек модераторлық етті.

Конференцияға Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Ресей, Марокко, Малайзия, Қытай және басқа да елдерден келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының басшылары, көрнекті ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.

Конференцияның ресми ашылу салтанатында құрметті қонақ ретінде сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Раимқұлова Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының Шығыс пен Батыстың ғылыми ой-санасының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Ол ұлы ойшылдың мұрасы қазіргі заманның зияткерлік және рухани сын-қатерлері жағдайында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын ерекше атап көрсетті.

Өз сөзінде Қор президенті түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау бағытында Қор жүзеге асырып жатқан бастамалар туралы да баяндап, осы саладағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Конференция барысында сондай-ақ ICESCO Бас директоры Салим Мұхаммед әл-Мәлік, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев, Малайзия халықаралық ислам университетінің ректоры, профессор Осман Бакар, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары, Түркі мемлекеттерімен байланыс комитетінің төрағасы Кюршад Зорлу, Мәскеу ислам институтының ректоры әрі Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Исламтану орталығының директоры Дамир Мұхетдинов, сондай-ақ Чжэнчжоу университетінің профессоры Вэй Чусюн сөз сөйледі.

Аталған конференция әл-Фарабидің бай ғылыми-философиялық мұрасын қазіргі заманның зияткерлік және рухани сын-қатерлері тұрғысынан жаңаша зерделеуге, сондай-ақ халықаралық ғылыми және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды халықаралық алаң.

08.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 609
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 474

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29284
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28841
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46107
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41719
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46421