«Алаш» драмасы сахналанды

«Алаш» драмасы сахналанды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап Көкшетау қаласындағы  Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің дарынды студенттері «Алаш» атты поэтикалық драманы сахналады.  Драма колледж жанындағы  «EL-jastar» театры студенттерінің орындауында қойылды. Қоюшы режиссері –    жас талант Нұрислам Әбділ. Ахмет Байтұрсынұлының рөлін 2-курс студенті Ерболат Бекежан сомдады. Жас актер ұлы ұстаздың ролін сомдауда оның шығармаларын, жарық көрген өнер туындыларын зерттеп, біраз еңбектеніпті.  Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салып, ағартушылық қызметімен қоса, халқымыздың ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы және оның замандастары – Алаштың біртуар ұлдарының жалған айыппен сталиндік қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуы сынды қасіретті  болашақ актерлер өз деңгейінде орындап шықты. Алаш арыстарына деген ақ пейілі мен оларды насихаттауға бағытталған игі бастамасын көрермен  қауым ыстық ықыласпен қабылдады. 

Қойылым уақыты – бір сағат. Тарихи  тұлғалардың тағылымын зерделеп,  даналығын ұғу, оны жас ұрпақтың санасына сіңіруге деген жастарымыздың ұмтылысы қуантады.

Дахан ШӨКШИР
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5033
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5197
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20155
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18798
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22255