Алаш Орда: Әулиеатадағы ашаршылықпен күрес

Алаш Орда: Әулиеатадағы ашаршылықпен күрес

1917 жылғы Ресейдегі октябрь көтерілісінен кейін желтоқсан айының 5-13 күндері Орынбор қаласында ІІ жалпықазақтық съезі өткені тарихтан белгілі. Осы съезге Әулиеата уезінен бес адам делегат болып қатысқан. Олар: Ә.Кенесарин – уезд бастығының іс басқарушысы, М.Бұралқиев – уезд бастығының тілмашы және көзі ашық оқыған азаматтар А.Әділов, Д.Әділов, Р.Еркінбеков. Съезде Ә.Кенесарин жер мәселесі туралы баяндама жасайды. Съезд Алаш Орда мемлекеті құрылғанын жария етеді және Алаш Орда үкіметін сайлайды. Үкімет басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланған. Съезден қайтқан бойда уезден барған делегаттар 27 желтоқсан күніне уезд қазақтарының съезін шақырады. Съезге 250-ден аса бақуатты адамдар, оқыған азаматтар және дін өкілдері қатысады. Съезде үш мәселе қаралған:

І. Алаш Орда үкіметін мойындап, уездік комитет құру;

ІІ. Ашаршылыққа байланысты Арқадан халыққа астық жеткізу.

ІІІ. Уездік комитеттің халықтық милициясын құру. 

Съезге қатысқан делегаттар Алаш Орда үкіметін толық мойындап, уездік комитет құрады. Комитетке 11 адам мүше болған. Комитеттің төрағасы болып Кенесарин Әзімхан сайланады. Орынбасары Мұстафа Бұралқиев және дін өкілдерінен Арыстанбек әулие Алтынұлы сайланған. Съезд аш халыққа астық жеткізу мақсатында байлардан ат арба, шана жинап беруін өтінген. ІІІ мәселе бойынша халықтық милицияға әр болыстан 3-5 жігіттерін жинауды және оларды қару-жарақпен, ат-тұрманмен қамтамасыз етуді байларға тапсырады. Осы съезде Қорағаты болысының байы Қырғызбай Мәлібеков уездік комитетке 500 жылқы беретінін мәлімдейді. 1918 жылдың басында уездік комитет ар арбамен, шанамен Арқадан астық алдырып, аш халыққа таратады. Уездік комитет Әулиеатада бір жылдан аса билік құрады. 1919 жылы уезде Кеңес өкіметі орнап, Алаш Орда үкіметінің уездік комитетін таратады. Ә.Кенесарин Шымкентке барып, жер комитетін басқарады. М.Бұралқиев Ташкентке барып оқуға түседі. А.Әділов пен Д.Әділов Семейге Алаш Орда астанасына кетеді. 1926 жылы Д.Әділов Қызылордада алғашқы қазақ драма театрын ұйымдастырып, бірінші директоры болған. М.Бұралқиев агроном мамандығын алып, Шымкент маңында еңбек етеді. Ә.Кенесарин 30-жылдары Шымкент облысында канал құрылысын басқарады. 1930 жылы Алаш Орда үкіметінің мүшелерін қудалау басталғанда М.Бұралқиев 15 жылға Воронеж облысына жер аударады. Дін өкілі Арыстанбек Алтынұлы және Қорағаты болысының байы Қырғызбай Мәлібеков қамауға алынып, сотталады. Ал Арыстанбек Алтынұлын Кеңес әскерлері Әулиеатаға жетпей жолда атып кетеді. Комитет мүшелерінің қалғандары 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары болып атылады. М.Бұралқиев Воронеж облысында Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаевтармен бірге болған. Осында жүріп колхозда қызылша өсіретін бригадада агроном болған. Айдауда жүріп «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген еңбегін бастайды. 1940 жылы қатты ауырып, орнынан тұра алмаған соң «еліне барып өлсін» деп, пойызға салып жібереді. Әулиеатада туысқандары күтіп алып, бір жылдан аса емдеп, аяғынан тұрғызған соң, Қызыл жұлдыз колхозына агроном болып орналастырады. Ресейде алған бай тәжірибесін пайдаланып, колхоздағы қызылша звенолорын ұйымдастырып, мол өнім алуға қол жеткізеді. Алғашында әр гектардан 350 центнерден өнім жинаса, келесі жылдарда өнім алуды 700-750 центнерге жеткізеді. Осы жоғары көрсеткіштері үшін колхоз бастығы мен үш звено жетекшісі «Еңбек Ері» атағын иеленеді. 1961 жылы зейнетке шығып, қалған өмірін Жамбыл қаласында өткізеді.

Биыл желтоқсан айында Алаш Орда үкіметі мен Әулиеата уездік комитетінің өмірге келгеніне 105 жыл толады. Бұл мақаланы бүгінгі жастар өткен тарихымызды білсін деген мақсатпен жазып отырмын.  

Мәскеу НОКРАБЕКОВ
11.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 131
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 63
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 59
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 447
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 445
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 462
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 451
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278