Алаяқтарға алданған қайран халқым!

Алаяқтарға алданған қайран халқым!

    Қазір өзіңнен-өзің қорқып, үрейленіп жүресің. Қай бұрыштан түлкі сияқты бұлаңдап алаяқтар шығып арбай ма деп. «Сақ болыңдар, алаяқтар!» деп ескерткенмен, әйтеуір, олар ебін тауып халықты алдап, арбап шырқыратып торларына түсіріп жатады. Жиған-терген барынан айырылып жылап-сықтаған жұртта есеп жоқ. Пирамида деген атпен алаяқтар талайларды сан соқтырды. Бірақ қаншама опық жесе де, олар алаяқтардың оп-оңай жеміне айналады. Неге? Олардың сиқыры бар шығар. Жо-оқ! Біз бұған өзіміз кінәліміз. 

Біріншіден, қолдағы барымызды місе тұтпай, сол байлығымызды еселей түскіміз келеді. 

Екіншіден, кедейшілік, жоқшылықтан тезірек құтылу үшін жалпы алаяқтар елді алдағанда жымын білдірмейді. Сөздері жып-жылы, жұп-жұмсақ және арбау тәсілдері жан-жақты. Телефондар арқылы жиған-тергеніңді әп-сәтте қағып кететін алаяқтар да пайда болды. Үй, жерді арзанға сатамыз деп талайлардың ақшасын жымқырып кеткендер қаншама?!

    Алаяқтықтың атасы, біздіңше, жемқорлық. Алаяқтардың басты қамқоршысы – жемқорлар. Бірімен- бірі тамырлас. Алаяқтықтың өрістеуіне біздің жемқорлық шырмаған дімкәс қоғам кінәлі. Қол ұстасқан оларды түбірімен жоймаса, онда осылай іріп-шіри береміз. Редакциямызға алаяқтықтан әбден зардап шеккен қарапайым адамдар көп келеді, көмек сұрайды. Біздің қолымыздан не келеді? Жазамыз, тиісті орындардан шара қолдануды сұраймыз. Жақында осындай алаяқтардың шырмауына түскен бір топ адамдар келді. Олар Жетісу облысы Панфилов ауданының тұрғындары. Қайта-қайта өтінген соң, амал жоқ бардық. Бізді алдын ала естіген болу керекн, 20 шақты адам қоршап алды. Бәрі де зардап шегушілер. «Қалай болды? Неден басталды? Қалай алаяқтарға сеніп қалдыңыздар?» деп сауал тастадық. Қараторы өңді келіншек өзін Максимова Ранагүл деп таныстырды да әңгімесін бастап кетті.

    – Менің 5 балам бар. Ешқандай еш жақтан келіп жатқан табысым жоқ. Базарда бірдеңелер сатып күн көремін. 2023 жылы 3 шілдеде Сония деген келіншек келіп «Біреулер банктен қайтарымсыз несие береді екен. 1 млн теңге. 500 мыңын бірден береді. Қалғанын кейін береді. Оны тауарлар арқылы аласың» деді. Жарымай, қарызға батып жүрген мен елең еттім. Әрине, сақтық шараларын жасап, басқалардан да сұрап білдім. Соняның сөзін Абабахриева Мукарам мен Тоқтыбакиева Ранагүл растады. Таза құжаттарыңды жібермесеңдер, кешігесіңдер» деді. Бұл мемлекетіміздің 4-5 жылда болатын кәсіпкерлерге көмегі екендігін де естіп, сендім. 4 шілде күні құжатымды жібердім. Түс ауа 500 мың теңге есепшотыма түсті. Қатты қуанғаным соншама – жылап жібердім. Бұл жақсылықты жақындарым көрсін деген ниетпен оларға жаңалығымды жеткіздім. Сония деген келіншек «осы ақшаның 150 мыңын бересің» деп мазалай бастады. Бермедім. Енді несиенің қалған бөлігін асыға күттім. Айтпақшы, менен басқа да 20 шақты адам құжаттарын өткізіпті. Алайда оларға 500 мың теңге түспепті. Алаяқтар бәріміз үшін қармақпен жем тастаған сияқты. Содан 1 ай күттік. Ештеңе түспеді. Күдіктене бастадық, – деді Ранагүл. Ақыры зардап шегушілер үміттерін үзіп, Жаркенттің ішкі істер бөліміне, сотқа, прокуратураға шағым түсірді. Істері тергеушіден тергеушіге ауысты. Сөйтсе, негізгі «дәулер» Алматы қаласында екен. Каспи банкпен байланысқан. Райымбек деген біреу бәрін басқарған сияқты. Бұлардың бармаған жері, қақпаған есіктері жоқ. Панфилов АПБ бастығы А.А.Күсембаевтың баянатында зардап шеккен 20 шақты адамның тізімі келтірілген. Келтірілген шығын 14 870 000 теңге. Біз осы мекемеге бардық. Барған сәтімізде бірде-бір меңгерушіні таба алмадық. Соңғы Тоқтабақыт Бақдәулет екен. Бастықтың орынбасары подполковник Ерлан Ерсалиев бұл істің Алматы қаласы, Бостандық ауданы ішкі істер бөліміне жіберілгенін айтты. Ертеңіне осында келдік. Тергеушілер бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев бізді қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты. Бастықтарға ресми түрде рұқсат сұрап хат жазуымыз керек екен. Жаздық. Шағым хаттың арғы тағдыры туралы сол хатқа жауап келген соң білеміз. Әзірге көп нүкте қоямыз…

 

Ертай Айғалиұлы, Асым Сулайманов
19.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 25
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 31
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 26

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7232
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11096
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7296
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7441