Жетісу облысында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілсейт Айхановты еске алуға арналған республикалық турнирге 74 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Нұрдәулет Сейілбеков жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Атыраулық палуан енді 21-27 қазан аралығында Албания елінде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Айта кетейік, Нұрдәулет Сейілбеков осыған дейін еркін күрестен жастар арасында Әлем және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері атанған.