Қара күш тек қазақ жігітеріне ғана тән дүние емес, бұрымыдыларымыз да олардан кем түспейді.
Бүгін Швецияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жамбыл облысы білім басқармасының Жамбыл аудандық білім бөліміне қарасты №1 орта мектептің оқушысы Нұрсая финалдық бәсекеге сүрінбей жетіп, екінші орынды қаншығаға байлады.
Жағымды жаңалықпен бөліскен ауданның бас ұстазы Раушан Қожамжарова:
– Бүгін ауданымыздағы білім ордасының 3 оқушысы Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бағын сынайды. Қарсыластарын қапы қалдырған Нұрсая оқушымыз екінші орынды иеленіп үлгерді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Енді келесі жерлестеріміздің жеңісті хабарын асыға күтеміз. Біз сіздерге сенеміз, - дейді Раушан Пернешқызы.