Қазақстан құрамасы Әлем кубогі кезеңінде 8 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды. Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) чемпион атанса, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс медаль еншіледі.