ӘЛЕМ НАЗАРЫН АСТАНАҒА АУДАРҒАН ҰЙЫМ

ӘЛЕМ НАЗАРЫН АСТАНАҒА  АУДАРҒАН ҰЙЫМ

 

Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі жоғары бағаланды

Астана қаласында 3-4 шілде күндері   Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің саммиті болып өтті. Аты  айтып тұрғандай, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткен бұл жиынға Қазақстан, Шараға ШЫҰ-ға қатысушы елдердің – Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Үндістан, Қатар, Қытай, Қырғызстан, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстанның көшбасшылары қатысты. Сонымен қатар, ШЫҰ бақылаушы мемлекеттері ретінде Беларусь және Моңғолия басшылары шақырылған. Сонымен қатар, саммитке ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысты. ШЫҰ-на төраға болғандықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында әрбір делегатты жеке қабылдады. Алыстан ат арылтып келген қонақтарға  жеке-жеке құрмет көрсетілді. Жылы жүздесулер мен емен-жарқын әңгімелер – әлемдік келелі проблемаларды шешуге жол ашқаны айқын аңғарылды. Астанаға  алғашқылардың бірі болып Индияның Сыртқы істер министрі, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі жеткенін айта кетуіміз керек. 

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, саммитке БҰҰ, ШЫҰ, ШЫҰ РАТС (Террорға қарсы өңірлік құрылымы), ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, АҚИҰ және ЕЭК диалог бойынша халықаралық серіктес ұйымдарының бірінші басшылары келген.

Айта кетейік, былтыр ШЫҰ-ға бірден бес мемлекет, соның ішінде Бахрейн, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма және Біріккен Араб Әмірліктері диалог серіктестері ретінде қосылды.

Бұл жолғы басқосудың  бір ерекшелігі, ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданды.

Тағы бір жаңалық, ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары қатарына Беларусьті қосу жайын, терроризммен бірлесе күресудің жолдары талқыланды. Жиын кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ұйымның достық, тату көршілік, тең құқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастың тиімді тетігіне айналғанын айтты. Бұған қоса жиында Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесі, Қазақстан ұсынған инвестиция қорын құру механизмдеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев Астана саммитінің басты айырмашылығы оның ауқымдылығында, себебі, 16 мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысуында деп бағалайды.

«Антониу Гутерриштің келуі де іс-шараның маңыздылығын көрсетеді. Осыншама көп мемлекет басшыларын жинайтын жиын жиі бола бермейді. Мұнша көшбасшылардың келуі Қазақстанға деген құрмет пен Қазақстанның тамаша дипломатиялық табысын көрсетеді», – дейді Талғат Қалиев.

Саясаттанушы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назары Қазақстанға ауатынын және Астана саммитінде маңызды шешімдер қабылдануы немесе күтпеген бағытта қадамдар жасалуы мүмкіндігін жасырмады.

 

 

Саммит аясында маңызды келіссөздер, мысалы, БҰҰ Бас хатшысы мен Ресей президенті Путин арасында Украина дағдарысы бойынша өтуі мүмкін. Путиннің Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен және Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен де кездесуі жоспарланған, бұл да жаһандық күн тәртібіне әсер еткені сөзсіз.

ШЫҰ – ӘСКЕРИ БЛОК ЕМЕС, АШЫҚ ҰЙЫМ

Беларусь мемлекеті  ШЫҰ-ға қосылғанын айттық. Олай болса  қазір ШЫҰ құрамында кімдер бар екенін нақтылап түсіндірейік:

1) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 2 мүшесі бар. Олар: Қытай мен Ресей.

2) 4 ядролық держава бар. Олар: Қытай, Ресей, Үндістан мен Пәкістан. Бұған Иранның потенциалды ядролық державалығын тағы қосыңыз.

3) Әлемде халқы ең көп 2 мемлекет бар. Олар: Қытай мен Үндістан.

4) БРИКС-ке мүше 3 мемлекет бар. Олар: Қытай, Ресей мен Үндістан.

5) G20-ға мүше 3 мемлекет бар. Олар: Қытай, Ресей, Үндістан.

ШЫҰ-дағы 9+1 мемлекетте жер халқының 45 пайызы өмір сүруде (3 миллиардтан көп адам). Әлемдік ЖІӨ-нің 1/4-і әлемдік сауданың 15 пайызы осы ұйым мүшелеріне тиесілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ШЫҰ саммитін кейінгі бірнеше жыл ішіндегі жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумдардың бірі деп сипаттады.

«Саммитке дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ықпалды халықаралық ұйымдардың жетекшілері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы қатысады. Мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің жаһандық аренадағы беделінің зор екенін көрсетеді. Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа тағы бес халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр. Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік», – деген еді Мемлекет басшысы өткен аптада БАҚ саласы қызметкерлерін құттықтау рәсімінде. 

 

 

Саммитте Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы қабылданады. Бұдан басқа, ШЫҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясын талқылау жоспарланып отыр.

Саммиттің басты мазмұндық лейтмотиві ШЫҰ аясында Қазақстан ұсынған «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасы болмақ. Ол сенім шараларын нығайтуға, әлемнің барлық елінің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған. Бұл бастама ШЫҰ елдерінің жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті дамыту жөніндегі шынайы ниеттері мен шешімін көрсетеді, – деп түсіндірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азия зерттеулері бөлімінің бас сарапшысы Әлия Мұсабекова.

Мақтанышпен айтуымыз керек, 2024 жылы Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымға, соның ішінде ШЫҰ-ға төрағалық етті. Астана саммиті Қазақстан мемлекетінің соңғы саммитте қабылдаған төрағалықтың кезеңін аяқтайды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстан үшін маңызды ұйым, өйткені Қазақстан оның негізін қалаушылардың бірі болды. «Шанхай бестігі» 1996 жылы шекаралас аудандардағы қарулы күштерді өзара қысқарту мәселелерін шешу және «Шекара аймағындағы әскери салада сенімді нығайту туралы келісімге» қол қою үшін құрылған болатын.

«Барлық шекаралық мәселелер шешілді. Айтпақшы, Қытаймен шекара мәселесі Ресей империясы әлі пайда бола қоймаған 17 ғасырда шешіле бастады. 60-жылдардағы оқиғалар, шекаралас аудандардағы кеңес-қытай қатынастарының шиеленісуі есімізде. Кейіннен ШЫҰ құрылған «Шанхай бестігінің» пайда болуы көптеген мәселелерді шешті және елдер арасындағы ықтимал қақтығыстарды жойған маңызды сәт болды», – дейді белгілі саясаткер  Эдуард Полетаев.

2001 жылы ұйымның негізгі құжаттарының біріне айналған ШЫҰ Хартиясына қол қойылды. Сондай-ақ «Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы» мен «ШЫҰ құру туралы декларация» маңызды құжаттар болып табылады. Бүгінгі таңда ұйымға 3,4 миллиардтан астам халқы бар 9 мемлекет кіреді, сонымен қатар 3 бақылаушы ел мен 14 диалог бойынша серіктес бар.

Сонымен бірге, ШЫҰ әскери-саяси ұйым емес, бірақ терроризм және экстремизммен белсенді түрде күресіп жатқанын мәлімдейді дейді сарапшы.

«ШЫҰ өзінің бірегейлігін іздеуде: бұл әскери блок емес, ашық ұйым. Бірақ құрамында 2 ядролық держава, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2 тұрақты мүшесі, әлемдегі ең ірі 2 мемлекет – Қытай мен Үндістан, сонымен қатар БРИКС тобына кіретін елдер бар. Ұйым айтарлықтай қуатты және гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуді қоса алғанда, экономикалық бастамаларды дамытып жатыр. Алайда, оның қызметінің нысандарын нақты анықтау оңай емес, өйткені олар айтарлықтай кең, бірақ сонымен бірге тар бағытта емес», – деді Полетаев.

ҰҚШҰ әскери-саяси ынтымақтастықты жүзеге асырса, Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауданы дамытуға бағытталған экономикалық бірлестік болса, онда ШЫҰ қызметін екі сөйлеммен бағалау мүмкін емес.  Дегенмен, ШЫҰ өзінің ауқымы мен қамтуы жағынан айтарлықтай салмақты ұйым екені рас.

Саясаттанушы, «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев ірі саммиттің Қазақстанда өтуі еліміздің әлемдік саяси сахнада айтарлықтай өскенін көрсетеді деп айтты. Бұл Қазақстанның дипломатиялық ұстанымын нығайтып, оның халықаралық келіссөздер мен ынтымақтастық алаңы болуға қабілеттілігін көрсететінін мәлімдеді.

Саммит сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы негізгі ойыншы ретінде Қазақстанға назар аударады. Сонымен қатар, Тәжібаев елдің бай табиғи ресурстары мен инфрақұрылымының, соның ішінде «Жаңа Жібек жолы» сияқты бағыттарының дамуына негізделген экономикалық және стратегиялық ықпалын атады. Ол сондай-ақ Қазақстанның белсенді сыртқы саясатын, халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуын және Ресей, Қытай, АҚШ және ЕО сияқты жаһандық ойыншылармен қарым-қатынасты қолдайтынын мәлімдеді.

ҚЫТАЙ БАНКТЕРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА МИЛЛИОНДАҒАН ДОЛЛАР НЕСИЕ БЕРМЕК

Қазақстан Даму Банкі (БРК) Қытайдың қаржы институттарымен бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жеңілдетілген несиелер алу туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында Астанада өткен қазақстандық-қытай іскерлік кеңесінің аясында 2 шілдеде жасалды.

China Construction Bank Астанада БРК-ге 500 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие береді. Бұл қаражат инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталады, бірақ нақты жобалар туралы мәліметтер берілмеген.

Сонымен қатар, Қытай Мемлекеттік Даму Банкі БРК-ге 250 миллион доллар және 2 миллиард қытай юанында жеңілдетілген несиелер береді. Бұл қаражат республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіру сияқты инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Жоба Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылады және аймақтардың көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта БРК «ҚазАвтоЖол» компаниясына 450 миллиард теңге көлемінде несие желісін ұсынды.

Бұдан бөлек, БРК, China Power International Holding  және  Алматыдағы  Қытайдың  Сауда-өнеркәсіп банкі арасында Ақмола облысында жалпы қуаты 220 МВт болатын жел электр станциясын салу жобасы бойынша синдикатталған несие беру туралы ниет келісіміне қол қойылды. Синдикатқа сондай-ақ Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі қатысады деп жоспарлануда.

Бұл инвестициялық жоба бес жел электр станциясын: Борей ЖЭС (100 МВт), Energo Trust ЖЭС (50 МВт), Софиевская ЖЭС (39 МВт), Арқалық ЖЭС (17 МВт) және JasilJel Energy ЖЭС (14,95 МВт) салуды көздейді. Бұл станциялар аймақты экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етіп, атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтады. Жоба Қазақстанның 2060 жылға қарай елдің жалпы энергобалансындағы жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін 80%-ға дейін жеткізу жоспарына сәйкес келеді.

 

 

Тағы бір маңызды құжат – БРК, Shijixianghe Asia Pte. Ltd. және Қазақстан Астық Консорциумы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Бұл меморандум жылына 1 миллион тонна астықты терең өңдеу инвестициялық жобасын жүзеге асыруды көздейді. Жоба жоғары сапалы өнім өндіруді және оны халықаралық нарықтарға экспорттауды мақсат етеді.

БРК ұлттық институт мәртебесіне ие және шикізаттық емес салалардағы жеке инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды орта және ұзақ мерзімді төмен пайыздық несиелер беру арқылы қаржыландырады. Оның жалғыз акционері – Қазақстанның Экономика министрлігіне тиесілі «Бәйтерек» холдингі.

ІСКЕРЛІК КЕҢЕСТІҢ НӘТИЖЕСІ ҺӘМ САММИТТІҢ  ЖАБЫЛУЫ

Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтсақ, Түркістанда бес жұлдызды қонақүй кешені мен аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынбақ.

Жобаның жалпы құны 270 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтан 11,8 гектар жер учаскесі нақтыланған. Онда 18 қабатты қонақүй, аквапарк және вилла кешені бой көтереді деп жоспарлануда. Ал ауқымды инвестициялық жоба «Chian Chuangshi Construction Group» компаниясына тиесілі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ШЫҰ-ның алдағы Астана саммиті «Көпжақты диалогті нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» деген тақырыппен өтетінін айтқан еді. «Шанхай ұйымының негізгі мақсаттарының бірі – аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету. Мұны аталған күн тәртібі анық көрсетеді. Бұл саммит әлемдік архитектоникада өте маңызды орын алатын ортақ ұйымымыздың тарихына жаңа парақ болып енеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына бүкіл әлем көз тікті. Қызметімізге басқа державалар қызығушылық танытады, көптеген сұрақ қояды. Мен 1996 жылы сәуірде ШЫҰ құруға қатыстым. Ол кезде бұл ұйым «Шанхай бестігі» аталатын. Содан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымының рухы қалыптасты. Біз Азиядағы, Еуразия құрлығындағы, жалпы әлемдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтау жолындағы ықпалдастығымыздың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде нығайтып келеміз. Бұл – өте дұрыс қадам! – деді Президент.

«ШЫҰ плюс» форматында өткен отырыста ҚХР төрағасы, Түркия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан елдерінің Президенттері сөз сөйледі. Олардың ресми сөз сөйлеуінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев конструктивті диалог үшін алғыс айтып, саммитті жапты. «Бүгін сіздер ұсынған ауқымды бастамалар Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы жан-жақты ынтымақтастық пен тұрақты дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Конструктивті диалог орната білген сіздерге алғыс айтамын. Сөз соңында ұйымға төрағалық ететін ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің жұмысына сәттілік тілеймін. Осымен Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитін жабық деп жариялаймын», – деді Тоқаев.

ЖАҢА ДӘУІР АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ БАС БІРІКТІРУІН ҚАЛАЙДЫ

ТҮЙІН: «Біз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының болашағына оптимистік көзқараспен қараймыз. Біз қазір қол қоятын құжаттар ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың жаңа бетін ашатынына, ұйымымыздың жүйелі және жан-жақты дамуына ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Астанада жалауын көтерген Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммитінен 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратты. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды. «Әріптестеріміздің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін 3 баспасөз орталығы Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және Ұлттық музейде жасақталған. Бүгінгі маңызды халықаралық іс-шараға 200-ге жуық отандық журналист тіркелді. Атап айтқанда, 13 телеарнадан, 28 интернет ресурстан, 6 басылымнан келген әріптестеріміз саммиттен ақпарат таратып отыр», – делінген жазбада.

Қазақстандық саясаттанушы және қытайтанушы Әділ Кәукенов саммитті қорытындылай келе, басты жаңалықтардың бірі тек қатысушы елдер ғана емес, бақылаушылар, сондай-ақ серіктестер қатысқан «ШЫҰ плюс» форматы екенін мәлімдеді.

Әділ Кәукеновтың пікірінше, Тәуелсіздік Сарайы 10 мыңға жуық қонақты қабылдаған. Саммитке ұйымның негізгі мүше мемлекеттерінің басшылары, оның ішінде тек ШЫҰ ұйымына кірген Беларусь, Әзірбайжан, Түркия, БАӘ, Моңғолия және Түрікменстан сияқты диалог бойынша серіктес елдердің көшбасшылары, ШЫҰ органдары мен түрлі халықаралық ұйымдардың басшылары белсенді қатысқан.

«Кулуарлар тақырыбы мәселемен сәйкес келді: «көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу». Барлығын геосаяси плиталардың алшақтығына қарамастан бейбітшілік пен түсіністікке қалай жетуге болады деген сұрақ алаңдатқан болатын. Бұған дейін Тәуелсіздік Сарайында ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өткен болатын. Оның алаңында ұйымға қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және ілгерілету бойынша кең ауқымды мәселелер қаралды және ШЫҰ-ның болашақ даму бағыттары белгіленді. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар 25 түрлі құжат қабылдады» деді саясаттанушы.

 

Осылайша  Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы іс-шара шеңберінде қатысушылар 25 құжатқа қол қойды, сондай-ақ қорытынды декларация мен тату көршілік және бірлік қағидаттарын ұстану туралы мәлімдемені қабылдады. Бұдан басқа, көшбасшылар ШЫҰ-ның дамуына серпін беру үшін оны кешенді жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады. Саммитте ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы мен 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы бекітілетіні айтылды. Бұл мұнай және газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы өзара іс-қимылға қосымша серпін береді деп күтілуде. Саммитке қатысушы елдер планетаның жартысын құрайтынын ескерсек, олардың шешімдері әлемнің болашағына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мұнша ел келісімге келіп, декларация қабылдағанда, бұл біздің өркениетіміздің тарихи даму траекториясына сөзсіз әсер ететіні анық. Жаһандық жүйедегі Қазақ мемлекетінің саяси  салмағы айқын, беделі мығым екеніне көз жетті. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қанатын кеңге жайды. Жаңа дәуір Азия елдерінің бас біріктіруінен басталады. Тек бір көрпенің астында жатып, әртүрлі түс көрмесе болғаны...

 

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281