Алматы – барша халық үшін тең мүмкіндіктер қаласы. Осы қағидаға сәйкес қолдауға мұқтаж қала тұрғындары үшін бірыңғай қызмет көрсету орталығы – Әлеуметтік қызмет көрсету үйі жұмыс жасауда. Алғаш болып түрлі қызмет көрсетушілер бірыңғай фронт-офиске біріктірілді.
Мұнда әлеуметтік қолдау, тұрғын үй қатынасы мен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 776 қызмет түрі көрсетіледі.
Мұндай кешенді тәсіл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі. Мақсаты – баршаға жайлы әрі ыңғайлы орта мен атмосфера құру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барып, қызмет жасау сапасымен танысқан болатын. Президент қызмет көрсету залын аралап көріп, орталықтың күнделікті атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мемлекет басшысына мекеменің республика бойынша әзірге жалғыз әлеуметтік орын екені және осы тәжірибені ел көлемінде қолданысқа енгізу қарастырылып жатқаны жөнінде мәлімет берілген.
Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тұрмыстық мәселелерімен жүгінген азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша түрлі салада қызмет көрсетеді. Аталған орталыққа тіршілік тауқыметін тартқан, отбасылық келіспеушілік пен қиындықтар көрген азаматтар жүгінетіні ескеріліп, онда адвокат, психолог бөлмелері ашылған. Сондай-ақ мұнда балаларымен келген қонақтарға ыңғайлы болу үшін ойын алаңы да қарастырылған. Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңыздылығына ерекше тоқталған болатын. Әлеуметтік мекеме «бір терезе» қағидаты мемлекеттік қызметтер көрсетіп, халықтың игілігіне жұмыс жасауда. Әлеуметтік қызметтер үйі, бұл – қала тұрғындарына «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік және әлеуметтік сипаттағы қызметтерді алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Күн сайын мұнда халыққа 400-ден 600-ге дейін түрлі қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметтер үйіне түрлі мәселелер бойынша жүгінетін адамдар саны өте көп. Мысалы, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі, тұрғын үй кезегіне тұрады, «бастау бизнес» бойынша оқуға жазылады, ОСИ-ге қатысты мәселелерін шешеді.
Әлеуметтік қызметтер үйінде 11 мемлекеттік мекеме бар, бұл артық қағазбастылық пен бюрократияны қоспағанда, рәсімдерді жүргізу мен барлық қажетті құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді.
Кең залдарда келушілерді Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының, Тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы халықты жұмыспен қамту орталығының, «ХҚКО» азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» АҚФ, Алматы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының, Еңбек, Әлеуметтік қорғау мен Алматы бойынша көші-қон комитетінің департаменттерінің консультанттары қабылдайды. Әлеуметтік қызметтер үйіне тұрғын үй саясаты саласындағы қызметтерді алу үшін жүгінуге болады. Мысалы, есепке тұруға, сондай-ақ жұмысқа орналастыру, жәрдемақы алу, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша қызметтер үшін. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Келіп, талон алып, кеңесшінің қабылдауын күту жеткілікті. Көрсетілетін қызметтердің жалпы саны – 776-ға жуық. Сондай-ақ әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтерді бір уақытта алуға болады. Мысалы, балабақшаға кезекке тұру және атаулы әлеуметтік көмек ресімдеу, тұрғын үйге кезекті білу мен өзінің зейнетақы жинақтарын қарауға болады.
Алматы әкімдігінің басты және стратегиялық міндеті, «Қалалықтарды әлеуметтік дамыту және қолдау – «Алматы – 2050» даму Стратегиясында көрсетілгендей, Алматыны тең мүмкіндіктер әрі инклюзивті тұлғаға бағытталған орталықтанған қала жасау. Осы мақсатқа жету үшін әлеуметтік бағдарланған бюджет қалыптасуда.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еш кедергісіз кірулері үшін ғимарат көтергіш құрылғысымен жабдықталған.
Бірінші қабаттағы кең операция залында келушілерді Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат, Тұрғын үй саясаты басқармаларының, Алматының Жұмыспен қамту орталығының, Азаматтарға арналған үкіметтің «ХҚКО»-ның «Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы» АҚФ-ның, Алматы полициясы департаментінің көші-қон қызметі басқармасының, Алматы қаласы бойынша еңбек Комитетінің, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің кеңесшілері қабылдайды. Екінші қабатта Алматының Жұмыспен қамту орталығының операция залы және бэк-офис орналасады, өтініш берушілер қолайлы жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер өздеріне керек жұмысшыларды таба алады.
Мұнда кәсіп таңдау кезінде кәсіби бағдар беру, кәсіби даярлау, жұмыссыз азаматтарға қайта даярлау, біліктілігін арттыру, «Бастау- Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға жолдама және тегін гранттар беру бойынша консультациялық қызметтер ұсынылады. Үшінші және төртінші қабаттарда Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Тұрғын үй саясаты басқармасының пәтерлерді бөлу бөлімі және «Адалдық алаңының» халыққа қызмет көрсету аймағы орналасады. Бесінші қабатта Алматының Тұрғын үй саясаты басқармасының түрлі бөлімдері және әртүрлі шаралар өткізетін көпбейінді акт залы орналасқан.
Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне түрлі өмірлік қиын жағдайларға, оның ішінде келіспеушіліктерге тап болған көптеген азаматтар келетіндігі ескеріліп, орталықта адвокат пен психолог бөлмелері қарастырылған. Балалармен келген қонақтарға ыңғайлы болу үшін ойын алаңы жабдықталған. Бұрындары мүгедектер әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарға бару үшін үлкен қиындықтарға тап болатын. Енді оларға қағазбастылық пен әкімшілік кедергілер жойылған әрі тиісті процедураларды іске асыру және барлық құжаттарға бір жерден қол қою мүмкіндіктері туып отыр.
Әлеуметтік қызмет көрсету үйінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше қызмет көрсету аймақтарында көмектесуге дайын арнайы оқытылған адамдар жұмыс істейді. Бұрын мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызмет көрсететін көптеген ұйымдар арасында үлкен қиындықтарға тап болған. Әлеуметтік қызмет көрсету үйі Достық даңғылында, Абай даңғылынан сәл төмен орналасқан. Онда көлік инфрақұрылымы дамыған, жанында «Абай» метро станциясы орналасқан, автобус пен троллейбус бағыттары бар.