Ауданымызда энергия өндірумен айналысатын «M-Kat Green» ЖШС-ның бас директоры Тьерри Плезанмен кездесіп, ортақ мәселелер бойынша пікір алмастық. Ең алдымен күн электр стансасының басшылығымен екіжақты меморандум аясында көрсетілген жергілікті тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің орындалуын талқыладық. Сонымен қатар, серіктестіктің жергілікті жерде, яғни Шу ауданында тіркелуіне қатысты мәселе де қозғалды. Аталмыш мәселе бойынша серіктестікпен ортақ шешімге келдік. Айта кету керек, күн электр стансасының басшылығы бұған дейін де Алға ауылдық округінде балалар ойын алаңшасын, жаяу жүргінші жолағын салу, каналдарды тазарту сынды жұмыстарды жүзеге асырған болатын. Ал биылғы жылдың жаз айына дейін ауылға арнайы жабындысы бар шағын футбол алаңшасын соғатын болады.