Әлеуметтік желі желіктіргендер қоғамға қауіпті!

Әлеуметтік желі желіктіргендер қоғамға қауіпті!

Себебі әлеуметтік желі ақпарат ағынына толып тұр. Біреу мақтағанда, екінші біреудің түкке тұрғысыз қылып тастауы мүмкін. Имандай сенген тұлғаңды, бәле қуған бір пәтшағар шайтанға жолдас қылып шықса таңқалма! Міне, демократияның жарқын үлгісі саған! Елбасыны мақтап, Тоқаевты жақтап отырған жоқпын. Олар да пенде. Жақсы мен жайсаңды, асыл мен жасықты келер ұрпақ нақтылай жатар. Айтайын дегенім, әлеуметтік желіде Назарбаевты тілдеп, жақындарын жүндеп, дүние-мүлкін күндеп жатқандар қаншама. Тіпті күнара Назарбаевты өлтіріп, болмаса, ауырып жатыр деп сендіріп жатқан ағайынға не шара? Бұдан асқан сорақылық, бұдан асқан тексіздік болар ма! Олардың жазған жабасына лайк басып, қолдап комментарий жазатындарға не дейміз? Міне, саған бүгінгі күннің бет-бейнесі! Қалай десек те, Елбасының еңбегі бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Қателесіп, қажып жатса ар алдында өзі жауап береді. Жұмырбасты пенде болғасын кемшіліктен ада болуы тіпті де мүмкін емес қой…

Елбасыға сын айтатындар, бір отбасыға ие бола алмай жүріп әлеуметтік желінің батыры атануда. Тіпті ас үйіндегі пышағын қайрай алмай жүргендер, ақыл айтқыш болып алды? Ел басқару оңай іс емес, ел басқару деген – алмас кездіктің жүзінде отырумен пара-пар. Ағайындар, біз қуанудан қалдық, жақсы болыпты деп тілектес болудан жерідік. Мұның арты ешқашан жақсылыққа апармайды адамды.

Әбіш Кекілбаев ағамның «Бағалай білмегенге бақ қонбайды, қуана білмегенге құт қонбайды» дегені шындық.

Кейінгі кезде әлеуметтік желінің қаһармандары көбейіп кетті. Қарап отырсақ, бүкіл құндылықтан ада болып бара жатырмыз. Қу тамақ үшін қулыққа барып, ақша үшін арын сатуға бар жастар қайдан өніп шықты? Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістік осы ма?

Әжептәуір мақала жазатын журналистердің кейбірі әлеуметтік желіні қару етіп (тышқаншылап жүргенін көргенде) жүрегің ауырады. Халықтың тұрмысы мен тіршілігін көтеруге күш салып, әділетсіздікке араша болып, турасын айтып, туғанына жақпай жүруге тиіс тілшілердің күйкентай тірліктері де кейде көрініс беріп қалатыны жанға батады.

Қоғам ба, азған адам ба?…

(Жалғасы бар)

Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ
08.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376