Әлихан Смайылов: Бизнеске қойылатын артық талаптарды жою керек

Әлихан Смайылов: Бизнеске қойылатын артық талаптарды жою керек

2029 жылы шағын-орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4,7 млн адамға жетеді 

Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті реттейтін "таза парақтан" реформасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бизнеске әкімшілік жүктемені барынша азайту мақсатында қолданыстағы реттеуші актілердің бәріне ауқымды талдау жүргізілді. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің 44 саласына жан-жақты талдау жасалды. Нәтижесінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Міндетті талаптар тізілімі жасалды. Тізілім қажет кезде қайтадан қаралып, реттеліп отырады. Яғни, орынсыз, бірін-бірі қайталайтын немесе тиімсіз талаптарды анықтау және алып тастау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылау жүйесінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. 35 салада бұл жұмыс аяқталды. Ол кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға мүмкіндік береді.

"Жалпы, "таза парақтан" реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан, осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қажет. Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашанда дайын. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінулері керек", — деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Премьер-Министр бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету, заңға тәуелді актілерге тиісті түзетулер енгізуді жылдамдату және бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жұмысын аяқтау қажеттігін айтып өтті.

Құралай Құдайберген, inbusiness.kz.
31.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 67
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 69
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 174
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 174
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 539
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 487

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800