Әлихан Смайылов Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді

     Әлихан Смайылов Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді

 

    ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанға жұмыс сапары аясында ӨР Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді.  ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов Ш. Мирзиеевпен кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас өзара сенімге және түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жарқын көрінісі екенін атап өтіп: «Сіздің өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды ынтымақтастығын дамытуға үлкен серпін берді. Екі елдің үкіметтері Сіздің және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мақсатында белсенді жұмыс істеп жатыр. Біздің одақтастық қатынастарымыздың қуатты әрі орнықты экономикалық платформасын құруға ерекше көңіл бөлініп отыр, сондықтан, өзара ынтымақтастықтың даму қарқыны өте жоғары», – деді. Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33 пайызға артып, $4,3 млрд құрады. Таяу жылдары аталған көрсеткішті $5 млрд-қа дейін ұлғайтып, орта мерзімді перспективада $10 млрд-қа жеткізу жоспарда бар. Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және өңдеуші сектордың басқа да салаларындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының серпіні жоғары. Автомобиль жасауда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде және тоқыма саласында 5 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Құрылыс индустриясы мен машина жасауда $365 млн жуық сомаға 7 жоба пысықталуда. Елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі президенттердің арнайы өкілдерінің тетігі енгізілді. Екі елдің шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», деген деректермен бөлісті.

   Ал, Ә.Смайыловтың Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А. Ариповпен келіссөзі барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың көптеген мәселелері талқыланды. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайына және Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі өңірлеріндегі суармалы жерлерді вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында орта мерзімді перспективаға арналған екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасына қол қойылды. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өзбек тарапындағы әріптесімен Өзбекстан Республикасынан көкөніс өнімдері мен картопты сатып алуға шекті келісімшарт жасасты. Екі елдің іскер топтарының өкілдері машина жасау, АӨК және логистика салаларында жалпы сомасы $661 млн құрайтын бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойды. Ташкент қаласына сапары аясында ҚР Премьер-Министрі өнеркәсіптік, техникалық, электрондық, құрылыс және тұрмыстық өнімдер шығаратын «Технопарк» өндірістік аймағының жұмысымен танысты.

Ермек Сахариев
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779