ALMATY CIRCUS FESTIVAL

ALMATY CIRCUS FESTIVAL

 

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИРК ӨНЕРІ ФЕСТИВАЛІ

2023 ЖЫЛДЫҢ 26-30 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА АЛҒАШ РЕТ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

 

 

 

Алғаш рет Қазақстанда, Алматы қаласында I-ші Халықаралық ALMATY CIRCUS FESTIVAL цирк өнерінің фестивалі өтеді. 2023 жылдың 26-30 шілде аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен цирк өнерін сақтау және дамыту мақсатында әлемнің 15 елінен келген әртістер бір аренада өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Қазақстан, Германия, Вьетнам, Эфиопия,  Якутия, Украина, Беларусь, Ресей, Ұлыбритания, Литва, Чехия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан елінің өкілдері бар.

 

Әйгілі Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде цирк өнерінің барлық жанрындағы үздік нөмірлер көрерменге ұсынылады. Олар: эквилибристер, акробаттар, арқанмен жүрушілер, клоундар мен жонглерлерБұл фестивальде халықаралық Netflix, HBO жобаларының қатысушылары,каскадерлік өнердің әлемдік жұлдызы саналатын теңдесі жоқ отандық «Nomad» атты-акробатикалық тобы өнер көрсетеді. 

 

«Қазақ мемлекеттік циркі» – Қазақстан Республикасындағы ең көне әрі жетекші өнер ордасы болып табылады. Жарты ғасырлық тарихы бар Алматы циркінде Халықаралық цирк өнері фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл шара Қазақ цирк өнерін насихаттау мен дамытуға, сондай-ақ отандық цирк ұжымының халықаралық деңгейдегі мәдени қатынасын нығайтуға бағытталған. Бұл ретте тұңғыш Халықаралық цирк өнері фестивалі аясында көрермендер керемет шоудың куәсі болмақ. Бұл жоба біздің цирктің бастамасы. Мұндай ауқымды фестивальді алғаш рет өткізіп отырмыз. Мақсатымыз – отандық цирк өнерінің үздік жетістіктерін сақтау, дамыту. Көрермендердің біздің цирктің мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейту, сонымен қатар жалпы қоғамдағы цирк өнерінің мәртебесін арттырудың қарапайым мақсатын басшылыққа алып отырмыз»,  дейді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

 

Басты шоу, 28 шілдеде фестивальдің ашылу салтанатында отандық және шетелдік цирк өнерінің майталмандары: гимнастар мен акробаттар, жонглерлер фестивальдің ең жоғарғы марапатын алу үшін өздерінің барлық талантын паш етіп, өнер көрсетеді. Цирк фестивалінің халықаралық дәстүріне сәйкес жеңімпаздар, яғни  үздіктердің үздігі анықталады. Фестиваль қатысушыларының өнерін ең мықты қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамында отандық және шетел цирк өнері мен мәдениетінің қайраткерлері бар. Фестивальде үш жүлделі орын (бірінші, екінші және үшінші), сондай-ақ арнайы жүлде – Гран-при барСонымен қатар, бірегей дәстүр әрі ынтымақтастықтың тамаша үлгісі ретінде фестивальге қатысатын шетелдік цирк алаңдары ұсынатын қосымша номинациялар бойынша да арнайы жүлделер қарастырылғанБұл жоба Алматы қаласы үшін халықаралық деңгейдегі мәдени байланысты орнатып, дамытуға жол ашады. Қала тұрғындары бірегей қойылымдар мен әдемі шоудың куәсі болса, әр түрлі әлемдік алаңдардағы әртістердің бірлескен жұмысы кәсіби шеберлік деңгейінің артуына септігін тигізбек. Сондай-ақ аталған шара Қазақ мемлекеттік циркінің халықаралық деңгейдегі беделін көтеруге үлкен мүмкіндік ашады. Алдағы уақытта да фестиваль жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл шара елдегі цирк өнерінің дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.

«Мұндай бірегей мәдени жобаның пайда болғаны үлкен қуаныш, зор мәртебеБүгінде бұл жобаға бар ынта-жігерімізбен кірісіп кеттік, үлкен дайындық жүріп жатыр. Әртістеріміз де бүкіл әлемге қазақстандық цирк өнерінің қыр-сырынкөрсетіп, талантын паш еткілері келіп, бұл күнді тағатсыздана күтті», – деп атап өтті Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов. 

Біздің көрермен тұңғыш рет әлемнің түкпір-түкпірінен келетін үздік әртістердің қайталанбас нөмірлерін тамашалайды! Фестиваль аясында күн сайын сағат 16:00-де «А» және «Б» бағдарламасы бойынша қойылым көрсетіліп отырады. Қойылымға билеттер ticketon.kz сайта арқылы және Цирк кассасында сатылымда. Фестиваль бағдарламасы 2023 жылдың 27 тамызына дейін жалғасады. Анықтама телефондары: +7 (700) 394 49 03, +7 (727) 394 49 11.

Елена Петрикова, фестивальдің қоюшы-режиссері, РФ еңбек сіңірген әртісі, Удмурт Республикасының Халық әртісі және росгосцирктің бас режиссері:

«Бұл күндері цирк әлемінің ең заманауи әрі үздік жетістіктері Қазақ мемлекеттік циркінде паш етіледі. Цирк манежі фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтары үшін достық қарым-қатынас орны, жаңадан танысу алаңы, елдер мен әртістер арасында перспективалы әріжемісті қатынас орнату мүмкіндігі алаңына айналады. Бұл жыл сайын өткізілетін алғашқы фестиваль».

24.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1162
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7210
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11072
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7275
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7422